Өт тасы

  Аурулар

Адам дұрыс тамақтанбаса, әсіресе, майлы және сүрленген тағамдарды көп жесе, семіз адамдардың ағзасында бауырдың, өт шығару жолдарының жұмысы және зат алмасу бұзылады. Бұл өттің қоюланып, оның дұрыс бөлінбеуіне себеп болады. Бұл жағдай өттен өт қышқылына кішкентай түйіршіктердің түсуін қамтамасыз етеді. Осы кішкентай түйіршіктер өт қабында мөлшері ұлғайып, өзінің белгілі бір көлемі, пішіні, түсі бар, тығыздалған тасқа айналады.

Мұндай тастар өт қабының шырышты қабатын тітіркендіріп, соның нәтижесінде қабыну дамиды. Осылайша өтке тас байлану ауруы басталады. Кейде тастар өт шығару жолдарына шығып, оның бітелуіне себеп болады. Өт қабының қабырғасының жиырылуынан өт қысымы қатты көтеріледі де, соның салдарынан адам қатты ауырсынады.

Мұны бауыр шаншуы дейді. Әр түрлі дәрілердің көмегімен бауыр шаншуын басуға болғанмен, бірақ өттегі байланған тастарды еріту мүмкін емес. Ол тастарды тек хирургиялық операция жасап, өт қабымен бірге алып тастайды. Кейде операциямен тастарды алып тастаған өт қабының іші қайтадан тасқа толып қалғанын көруге болады. Мұндай өт қабы өз жұмысын атқара алмайды. Өт қабынан алынған тасты науқас адамға сауыққаннан кейін ескерткішке береді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Несеп тасы (мочевые камни) қалай пайда болады?

Цирроз ауруының негізгі белгілері.

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

Радикулит ауруының негізгі айқын белгілері себебі мен салдары.

Пікір қалдырыңыз