Отит

  Аурулар

Құлақтың қабынуын отит деп атайды. Оның сыртқы, ортаңғы және ішкі түрлері бар. Сыртқы есту жолының қабынуы терінің зақымданған жеріне инфекция түсуден болады. Бұған құлақтың үсуі, күйіп қалуы, құлақты үшкір нәрсемен (түйреуіш, сіріңке) зақымдау себеп болады.

Аурудың басты белгісі — құлақтың қышуы болып табылады. Ортаңғы құлақтың қабынуына әр түрлі жұқпалы аурулар: тұмау, қызылша, скарлатинаның асқынуы себеп болады.

Әдетте отитке шалдыққанда, құлақ қатты ауырады, дене қызуы көтеріліп, адамның естуі нашарлайды. Құлақтан ірің аққанда, оның ауырғаны басылып, науқастың жағдайы жақсарады. Кейде ортаңғы құлақтың қабынуы асқынып, оның созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде құлақтың дабыл пердесіндегі жазылып бітпеген тесік арқылы үнемі немесе әлсін-әлсін ірің ағады, адамның естуі төмендейді.

Ортаңғы құлақ қатты қабынғанда, сырқат асқынып, ішкі құлақтың қабынуына әсер етеді. Мұны лабиринтит деп атайды. Бұл кезде науқастың басы айналып, жүрегі айниды, адамның жүрісі бұзылады, ми қабынады. Сондықтан аурудың алғашқы белгісі білінісімен-ақ дәрігерге қаралу керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Дабыл жарғағы (барабанная перепонка) дегініміз не?

Ортаңғы құлақ туралы не білесіз?

Тонзиллит ауруының негізгі белгілері себебі мен салдары.

Өкпенің қабынуы сипаттамасы және негізгі белгілері.

Пікір қалдырыңыз