Паразиттер

  Аурулар

Адам мен жануарлар ағзасының ішінде де, сыртында өте көп мөлшерде паразиттер тіршілік етеді. Паразиттерді анықтап, олардан сақтану жолдарын зерттейтін медицинаның арнайы саласын — паразитология деп атайды. Адам терісінің паразиттеріне: кене, бүрге және бит жатады.

Бұлардың қауіпті болатыны, олар жұқпалы аурулардың қоздырғышы — бактерияларды таратады. Егер адам жеке басының тазалық гигиенасын дұрыс сақтамаса, оның тері қабаттарында жұқпалы тері ауруы — қотырды тудыратын шұбыртпа кенелер тіршілік етеді.

Адамның өкпесі мен бауырында, паразитті құрттар тобына жататын таспа құрттар (эхинококк) ұзақ уақыт тіршілік етіп, көбейеді. Ал адамның ішегі мен өт шығару жолдарында алуан түрлі паразиттер, негізінен — гельмиттер (құрттар) тіршілік етеді.

Гельмиттерге: острицалар, аскаридалар және таспа құрттар жатады. Бұл құрттардың жұмыртқасы адам ағзасына бұзылған тағам, лас қол, дұрыс жуылмаған көкөніс пен жеміс-жидектер арқылы енеді.

Паразиттермен күресудің әдісі — ең алдымен оларды адам ағзасына енгізбеудің жолдарын қарастыру керек. Ол үшін жеке бастың гигиенасын дұрыс сақтап, қолды таза ұстап, жейтін тамақты дұрыс пісіру қажет. Ал теріге түсетін паразиттерден құтылу үшін денені таза ұстап, үнемі жуынып жүрген дұрыс.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Инфекция дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Бацилла тасушы деген не?

Безеудің пайда болу себептері және оның алдын алу .

Микроорганизмдер немесе Микробтар дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз