Плевраның қабынуы

  Аурулар

Плевра — көкіректің ішкі бетін және өкпенің сыртқы бетін астарлап тұратын сірі қабық. Плевра қабынғанда, ауру тудыратын бактериялар плевра қуысына өтеді. Соның нәтижесінде плевраның қабынуы — плеврит дамиды.

Бұл аурудың қоздырғышы — туберкулез таяқшасы да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда туберкулез плевриті дамиды. Плевраның ішін сезімтал жүйке түйіндері қаптап жатады. Сондықтан плеврада қабыну басталғанда, адам қатты ауырсынып, жөтеледі. Қабыну кезінде адам дем алғанда және жөтелгенде қатты қиналады.

Қабынған плевра қуысына қан тамырларынан өте көп мөлшерде сұйықтық ағады, соның салдарынан өкпенің қозғалуы және адамның тыныс алуы қиындайды. Бұл қабынған сұйықтықтар плевра қуысында іріңге айналады. Мұндай плеврит түрін іріңді плеврит деп атайды.

Плеврадан жиналған сұйықтық пен іріңді плевраны тесу — пункция арқылы шығарады. Плевритті өзіне тән белгілерінің негізінде және рентген сәулесі арқылы анықтайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Сарысу қандай жағдайда пайда болады ол ағзаға қауіптіме?

Пневмоторакс бұл қандай ауру негізгі белгілері мен пайда болуы.

Өкпенің қабынуы сипаттамасы және негізгі белгілері.

Бронх демікпесінің (бронхиальная астма) сипаттамасы.

Пікір қалдырыңыз