Полиомиелит

  Аурулар

Полиомиелит — балаларды жастайынан мүгедек ететін ауру. Ауру қоздырғыш науқас бала жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауаға тарайды да, айналасындағы сау балаларға жұғады. Кейде баланың зәрі мен үлкен дәреті арқылы да таралуы мүмкін. Ауру жұққаннан кейін алғашқы белгілері 2—3 күннен кейін біліне бастайды.

Алғашқы екі-үш күн бойы ауру бала денесінің қызуы аздап көтеріледі, өзі аздап әлсірейді, мұрнынан су ағады, көңіл-күйі нашарлайды. Арада 3—4 күн өткен соң денесінің қызуы қайта көтеріліп, 39—40 градусқа жетеді, басы ауырып, құсады, арқасы, мойнының, аяқ-қолының еттері ауырады, маужырап ұйқысы келе береді. Көп терлейді, әлсіздік басады. Тамаққа тәбеті, ойынға зауқы соқпайды. Өте шаршағыш болады, ештеңені жақтырмайды.

Кейде есінен танатын кездері де ұшырайды. Аз уақыт ішінде, кейде бірер сағат ішінде аяқ-қолының, мойнының еттері тырысып, сал болып қалу қаупі төнеді. Сал болған баланы емдеу қиынға түседі. Сондықтан, қазіргі кезде бұл ауруға қарсы егу шаралары кеңінен қолданылып келеді. Егу нәтижесінде бұл аурудан түпкілікті құтылуға болады. Сондықтан да балаға полиомиелитке қарсы екпені дер кезінде еккен дұрыс.

Полиомиелитке қарсы вакцина нәрестеге 3 айлығында, сонан соң арасына бір жарым айдан салып 3 рет егіледі. Бұдан кейін бала 1—2 жасқа келгенде 2 рет, 2—3 жас аралығында тағы 2 рет, 7-8 және 15—16 жасқа келгенде тағы да бір-бір реттен егіледі. Вакцина баланың көңіл-күйіне ешқандай теріс әсер етпейді. Нәтижелі болу үшін вакцина ауырмаған дені сау балаға егілуге тиіс.

Негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауруды полиомиелит деп атайды. Бұл аурумен тек балалар ауырады. Аурудың қоздырғышы — полиовирус, ол баланың нәжісінде болады. Полиомиелиттің қоздырғышы сәбидің нәжісі арқылы сыртқы ортаға түседі. Сондықтан инфекция ластанған су, жеміс-жидек, көкөніс және шикі сүт арқылы жұғады.

Ауру басталғанда сәбидің дене қызуы қатты көтеріліп, тамағы ауырады, кейде іші өтеді. Ауру асқынғанда баланың қол-аяқ бұлшық еттері салдана бастайды. Ауруды емдеу өте қиын. Дегенмен бұл аурудың емі табылды. 1958 жылы американдық дәрігер Альберт Сейбин, полиомиелитпен ауырған балаларға вакцина егіп, соның нәтижесінде науқас балалардың ағзасының ауруға қарсы күресуі артты. Полиомиелитке қарсы вакцинаны 1952 жылы американдық ғалым Дж.Солк тапқан.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мешелдің белгілері және бұл аурумен кімдер аурады?

Дифтерия ауруының сипаттамасы және себеп салдарлары.

Радикулит ауруының негізгі айқын белгілері себебі мен салдары.

Скарлатина бұл қандай ауру және оның белгілері.

Пікір қалдырыңыз