Радикулит

  Аурулар

Радикулит — шеткі жүйке жүйесінің жиі кездесетін ауруы. Бұл ауруды қазақтар құяң деп атайды. Жұлыннан омыртқалар арасымен жұлын жүйкелері тарайды. Соның ішіндегі ең ұзыны — шонданай жүйкесі.

Ол кеуденің шонданай бөлігі мен санның аралығында болады. Осы шонданай жүйкесінің арқасында адам аяғын қозғалтып, жүре алады. Кейде омыртқаның қисаюы салдарынан шонданай жүйкесін қысып қалуынан оның қабынуы дамиды.

Бұл кезде адам шонданай жүйкесінің бойымен берілген қатты ауырсынуды сезеді. Мұны үлкен адамдар “белім шойырылып қалды” деп атайды. Осы ауруды бел-сегізкөз радикулиті немесе ишиас (бұл жүйкенің латын тіліндегі аты “исхиадикус” — шонданай) деп аталады. Бұл кезде науқас адамның белі қатты ауырып, аяқ-қолы сіресіп, жазылмай қалады. Бірте-бірте ауру сезімі жамбасқа, санға және балтырға, кейде тіпті өкшеге де беріледі.

Мұндай науқас адам жүре алмайды, тіпті ауырған аяғына қарай баса да алмайды. Ауру асқынғанда аяқ мұздап, ұйиды, ауру аяқтың бұлшық еттері семе бастайды. Ишиас ауруымен көбінесе егде адамдар мен қарт адамдар ауырады.

Кейде бұл ауру тұмаудан кейін немесе омыртқаның әр түрлі зақымдануынан да дамуы мүмкін. Сондай-ақ үнемі қозғалмай отырып жұмыс жасайтын адамдар, мысалы, жүргізушілер мен машинистер жиі ауырады. Қазіргі кезде бұл ауруды дер кезінде емдесе, науқас адам жазылып кетеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Шаншу (колика) не үшін болады және оның белгілері.

Полиомиелит ауруының негізгі белгілері қандай?

Бүкірлік қалай пайда болады?

Сал ауруы дегеніміз не және ол қалай пайда болады?

Пікір қалдырыңыз