Ревматизм

  Аурулар

Қарт адамдар буындарының ауруын жиі айтады, оны ревматизм деп атайды. Шынын айтқанда бұл дұрыс емес, өйткені буынның ауыруы — ол әр түрлі аурулардың себебінен туындайды, ал ревматизмнің пайда болуы басқаша жүреді.

Ревматизм дегеніміз кейбір мүшелердің зақымдануынан қанға ауру тарататын микробтар — стрептококтың түсуі. Көбінесе стрептококтық қабынулар баспа кезінде бадамшаларда байқалады. Ағза мұндай бактериялардың пайда болуына қарсы антидене түзеді.

Мұндай белсенді антиденелер тек стрептококтарға ғана емес, олар ағзаның тіндеріне де (мысалы, буынның ішкі тіндері мен жүректің қақпақшаларына) әсер етеді. Бұл кезде зақымданған мүшелердің қабынуы басталады. Буындар ісініп, қатты ауырады, олардың қозғалғыштық қасиеті төмендейді. Дене қызуы көтеріледі. Жүрек қақпақшаларын зақымдап, оның қызметі бұзылады.

Ревматизм қабынуларынан кейін жүрек қақпақшаларында жүре пайда болатын жүрек ақауы жиі байқалады. Мұндай жағдай жүрек өзінің жұмысын дұрыс атқара алмайтынын білдіреді. Жас балаларда ревматизм олардың миын зақымдауы мүмкін. Бұл кезде балалардың жүргенде тепе- тендігі бұзылады.

Ревматизмнің қандай түрі де өте қауіпті, себебі ауру асқынып, оның созылмалы түріне ауысса, науқас мүгедек те болып қалуы мүмкін. Ауруды толық дәрігерлік тексерістен өткізгеннен кейін анықтайды. Аурудың алдын алу үшін баспа, тіс кариестерін дер кезінде емдетіп, ағзаны ұдайы шынықтырып отыру керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Миокард инфарктісі белгілері себеп салдары.

Баспа (ангина) ауруының сипаттамасы пайда болу себебі.

Ағзада аурулар қалай пайда болады және онымен қалай күресу керек.

Салқын тию ауру ма? және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Пікір қалдырыңыз