Салқын тию

  Аурулар

Салқын тиюді өз алдына жеке ауру деп санамайды. Ол негізінен әр түрлі аурулардың себебі деп түсіндіріледі. Салқын тию дегеніміз — айналадағы ауаның температурасының төмендеуі салдарынан терінің беткі қабатының қатты мұздауы, бұл ағза мен оны қоршаған ортаның жылу тепе-тендігінің бұзылуына әкеледі.

Салқын тиюден біз денемізде әр түрлі әсер етулердің пайда болғанын байқаймыз, әдетте жоғарғы тыныс жолдарының (мұрын, жұтқыншақ, көмей) шырышты қабатындағы қан тамырлары кеңейеді. Бұл бактериялар мен вирустардың шырышты қабаттарға тереңдей еніп, сол жерлерде олардың көбеюіне жағдай жасайды.

Соның нәтижесінде ағзада мұрын бітелу, баспа және тұмаудың дамуына қолайлы жағдай туады. Біраз уақыттан кейін адам жөтеліп, түшкіре бастайды, науқастың басы ауырып, дене қызуы көтеріледі. Міне, бұл нағыз салқын тиюдің белгілері болып саналады. Ағзаға салқын тигізбеу үшін, оны үнемі шынықтырып тұрған жөн. Әбден шыныққан денеге қандай қатты суық та қауіпті емес.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мұрын бітудің себеп салдары негізгі белгілері.

Бронхит ауруының сипаттамасы.

Үсік шалу кезінде адам ағзасында жүретін процесс.

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

Пікір қалдырыңыз