Семіздік

  Аурулар

Семіздік дегеніміз — зат алмасу кезінде мүшелер мен тіндерге, әсіресе теріасты май клетчаткаларына шамадан тыс майдың жиналуы. Семіздік өз алдына ауру деп саналмайды, бірақ ол кейбір аурулардың дамуына себеп болады.

Адамдардың көпшілігі жақсы және дәмді тағам жегенді ұнатады. Бұл кезде ағзаға қалыпты мөлшерден көп қоректік заттар түседі. Егер де мұндай жағдай жиі қайталанатын болса, ағзаға түскен артық қоректік заттар адам денесінде май түрінде жинала бастайды.

Соның салдарынан адамның салмағы бірте-бірте артып, беті дөңгеленіп, мықыны білінбей қалады. Семіздікке күнделікті рационда кондитерлік, ұннан жасалған және тәтті тағамдар, қаймақ, сары майдың мөлшерден көп болуы және көп қозғалмау да әкеледі.

Семіз адамдардың қан айналымы бұзылып, артерия қан қысымы көтеріледі, қан тамырларының ішкі беттерінде май қабаттары түзіліп, ол қан тамырларының тарылуына әкеледі.

Сонымен қатар, зат алмасу, бауыр, қуық, ұйқы безі және жүректің жұмысы бұзылады. Семіздіктің алдын алу үшін салауатты өмір сүруге тырысу керек, дұрыс тамақтанып, таза ауада көп жүріп, туризммен шұғылданған жөн.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ағзадағы Майлардың Атқаратын Қызметі.

Мешелдің белгілері және бұл аурумен кімдер аурады?

Склероз дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Бронхит ауруының сипаттамасы.

Пікір қалдырыңыз