Шаншу

  Аурулар

Аяқ-қолдың бұлшық еттері түйіліп немесе тартылған кездегі қатты ауырсыну, ішкі мүшелердің тегіс бұлшық еттеріне де беріледі. Бұл негізінен асқорыту жүйесі бұзылғанда байқалып, кенеттен адамның іші қатты ауырады. Кейде тіпті науқас адам ішін ұстап, тұра алмай қалады. Мұндай жағдай ерте кезден белгілі болған.

Ежелгі Грекияда кенеттен болған мұндай ауруды “колике” — ішек шаншуы деп атаған. Шаншу кейбір ішкі мүшелердің шырышты қабатын тітіркендіргенде байқалады. Мысалы, өт қабы, бүйрек түбі және несеп ағарды тітіркендіргенде, өте қатты түйілу пайда болып, сол жер қатты ауырады. Мұны бауыр және бүйрек шаншуы деп атайды. Шаншу бір аурудың белгісі болып саналады, сондықтан шаншу байқалса, дәрігерге көрінген жөн. Өйткені оның неден болғанын тек дәрігер анықтайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бүйрек және Бүйрек үсті безі туралы ақпарат.

Экзема неден пайда болады және ол қандай ауру?

Өт тасы пайда болуының себебі мен салдары.

Жарық немесе грыжа қалай пайда болады.

Пікір қалдырыңыз