Сіреспе

  Аурулар

Көп уақытқа шейін бұл ауру өте қауіпті болып келді. Сіреспе — жедел өтетін жұқпалы ауру. Бұл ауру кезінде жүйке жүйесі зақымданады, әр түрлі бұлшық еттер қатты құрысып тартылады.

Сіреспе жедел басталады, алдымен ауыз және жақ еттері, кейін мойын, арқа, құрсақ, аяқ-қол еттері жиырылып, қарысып қалады, дене қызуы қатты көтеріледі. Адам қозғала алмай қақшиып қалады, аурудың аты осыған байланысты қойылған.

Ауру қатты асқынғанда, тыныс алу бұлшық еттерінің тартылып қалуынан, адам дем ала алмай, өліп кетуі де мүмкін. Аурудың қоздырғышы — топырақта бірнеше жылдар бойы сақталып жататын бактериялар. Олар топыраққа адамның, жан- жануарлардың нәжісімен келіп түседі. Сіреспе ауруы қоздырғыштың зақымданған тері мен шырышты қабықшаға түсуінен пайда болады.

Сіреспе — көбінесе ем қонбайтын өте қауіпті ауру, сондықтан онымен күресудің басты шарты — аурудың алдын алу. Ол үшін арнайы қан сарысуы (АҚАС) егіледі.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Дизентерия ауруының сипаттамасы және себебі.

Тілме дегеніміз қандай ауру?

Флегмона дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Іш сүзегі негізгі айқын белгілері мен онымен күрес жолдары.

Пікір қалдырыңыз