Склероз

  Аурулар

Химиялық элемент — кальцийдің адам өмірінде маңызы өте зор. Адамның тісінде, сүйектерінде кальцийдің жеткілікті болуы — олардың мықтылығын күшейтеді. Кальцийдің қан ұю процесі кезінде, жүйке мен бұлшық ет клеткаларының жұмысы үшін атқаратын қызметі үлкен. Бірақ, адам ағзасында кальцийдің әр түрлі ауруларды тудыратын да қабілеті бар.

Қалыпты жағдайда қан тамырлары өте мықты және созылғыш келеді. Олардың қабырғалары жоғарғы қан қысымына төзімді болады. Қан тамырлары арқылы қан адам ағзасының түкпір-түкпіріне тарап, қайтадан жүрекке келіп құяды.

Кейде ағзада зат алмасу бұзылса немесе сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан кальций тұздары кристалл түрінде қан тамырларының ішкі жағына, әсіресе артерия қан тамырларына жиналып қалады. Соның салдарынан қан тамырлары өзінің мықтылығы мен созылғыштығын жоғалтады. Бұл тамырлардың тарылуына әкеліп, нәтижесінде кейбір мүшелерде қан айналу бұзылады.

Осындай жағдайдан болатын ауруды — склероз немесе атеросклероз деп атайды. Бұл көбінесе артерия қан тамырында байқалады. Көбінесе склерозбен егде тартқан және қарт адамдар ауырады. Бірақ, қазіргі уақытта осы аурудың алғашқы белгілері қырық жастағы адамдарда жиі байқалып жүр.

Атеросклероз өте қауіпті сырқаттардың себебі болуы да мүмкін. Әсіресе ол жүрек пен ми тамырларына өте қауіпті деп саналады. Склероз кезінде жүрек инфарктісі мен миға қан құйылу жиі болады. Атеросклероздың дамуына темекіні көп тарту, ішімдікке әуес болу, сондай-ақ, дұрыс тамақтанбау (шамадан тыс тамақ ішу және майлы тағамдарды көп жеу) әсер етеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Гипертония дегеніміз қандай ауру?

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

Семіздік дегеніміз не және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Іш сүзегі негізгі айқын белгілері мен онымен күрес жолдары.

Пікір қалдырыңыз