Соқырішек

  Аурулар

Күрт, бірден басталады. Бала ішінің қатты ауырғанын айтып, мазасызданады. Жүрегі айнып, лоқсиды, құсады. Басы ауырады. Ыстығы көтеріліп, тамаққа зауқы соқпайды. Жүрсе іші қатты ауыратындықтан екі аяғын бүгіп алып, қозғалмауға тырысады. Денесінен суық тер шығып, уақыт өткен сайын ауыруы күшейе түседі. Ерні көгеріп, тілі кеберсиді. Ішін жайлап сипасаңыз, оң жақ бүйірі ауырып, қол тигізбейді.

Аурудың алғашқы белгілерін сезген бетте баланы жедел түрде ауруханаға жеткізу керек. Ал уақытын өткізіп алса, ісінген соқыр ішек іріңдеп, шіри бастайды, жарылып іш қуысын қабындырады.

Іш қуысы қабынған баланың жағдайы қатты нашарлайды. Ал бұл бала өміріне қауіпті.

Бұл ауруды көп жағдайда, соқырішектің қабынуы деп атайды. Бірақ, бұл атау шындыққа көп келмейді. Дұрысы соқырішектің құрттәрізді өскінін — аппендикс, ал қабынуды — аппеңдицит деп атау керек.

Құрттәрізді өскін ауру тарататын бактериялардың әсеріне өте сезімтал болып келеді. Ал ондай бактериялар тоқ ішекте өте көп болады, бірақ қалыпты жағдайда олар ауру таратпайды.

Құрттәрізді өскіннің қабырғаларында өте көп мөлшерде лимфа тіңдері болады. Микробтар осы тіндерге түскенде, оларды қабындырады. Қабынудың белгілері тез басталып, құрттәрізді өскіннің қабырғалары мен оның қуысына ірің жиналады.

Аппендицит іштің қатты ауыруымен басталады, бұл кезде құсу немесе іш өтуі мүмкін. Мұндай белгілер басталысымен тез дәрігер шақыру керек. Себебі, жиналған ірің, құрттәрізді өскіннің қабырғасын жарып шығып, құрсақ қуысына құйылуы мүмкін.

Бұл кезде өте ауыр жағдай — перитонит дамиды. Перитонит дегеніміз — іш перденің қабынуы. Мұндай жағдайда аппендикске хирургиялық операция жасап, оны алып тастайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қарынның және он екі елі ішектің ойық жарасы.

Өт тасы пайда болуының себебі мен салдары.

Ісік қалай пайда болады және оның түрлері.

Қан кету нешеге бөлінеді және оның сипаттамасы.

Пікір қалдырыңыз