Соқырлық

  Аурулар

Адамның соқыр болып қалуы — адам үшін ең үлкен бақытсыздық деп саналады. Соқырлықтың іштен туа біткен және жүре пайда болатын түрлері бар. Іштен туа біткен соқырлық жүйке жүйелерінің және сезім мүшелерінің жұмысының бұзылуынан болады.

Ал жүре пайда болатын соқырлық көз ауруларының немесе көздің жарақатынан, көру жүйкесі немесе мидың зақымдануынан болады. Соқырлық толық соқырлық және жартылай соқырлық болып бөлінеді. Адам толық соқырлықта ешнәрсе көре алмайды, ең жақсы дегенде жарық пен қараңғыны ажыратуы мүмкін. Ал жартылай соқырлықта алдында тұрған заттың сұлбасын ажырата алады.

Мұндай жағдайда соқыр адамның көруіне хирургиялық операцияның, кейде арнайы көзілдіріктің көмегі болады. Соқыр адамдарды арнайы оқу орындарында әр түрлі қолөнер кәсібіне үйретеді. Оларға арналған әдейі кітаптардағы сөздер арнайы шрифт — дөңес әріптермен жазылған. 19 ғасырда осы дөңес әріптерді үш жасында соқыр болып қалған француз Луи Брайль ойлап тапқан.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Алыстан көргіштік және көрмеушіліктің себептері.

Дальтонизм дегеніміз қандай ауру және оның емі барма?

Ақшам соқыр бұл қандай ауру?

Катаракта қандай ауру сипаттамасы мен пайда болу себебі.

Пікір қалдырыңыз