Стресс

  Аурулар

Қазірғі кезде стресс туралы өте көп айтылады. Осы сөзді жұмыста немесе мектепте жағымсыз жағдай болғанда, бір нәрседен қатты қорыққанда немесе ұзақ уақыт ой үстінде жүргенде жиі естисің.

Стресс ұғымын алғаш рет ғылымға енгізген канадалық ғалым Ганс Б.Селье болды. Ол адам ағзасына сыртқы ортадан келетін әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерін зерттеді. Мұндай тітіркендіргіштер адамның ішкі мүшелерінің жұмысын бұзып, әр түрлі ауру тудырады.

Селье сыртқы ортаның зиянды әсерінен ағзаның өзін қорғай алатын қабілеті болатынын анықтады. Ол үшін екі негізгі ішкі секреция бездері — гипофиз бен бүйрекүсті бездері өте көп мөлшерде гормон бөледі. Бұл гормондар қанға түсісімен, ағзаның жүрек-тамыр, тағы басқа жүйелердің, сондай-ақ зат алмасуды реттейді.

Осы реакциялардың бәрі адамның сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғануға мүмкіндік береді. Егер сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері үздіксіз жалғаса берсе, ағзаның қорғаныштық қабілеті төмендеп, ағза мен сыртқы ортаның арасындағы тепе-теңдікті ұстау мүмкіндігі жойылады. Міне, осы жағдайда ауру дамиды.

Стресс туралы Сельенің ілімі адамның денсаулығы мен ауруы туралы ұғымын дамытуда үлкен қызмет атқарғанымен, ағзаның ауруға қарсы тұратын қабілетін жинақтауда — орталық жүйке жүйесінің қаншалықты маңызы бар екенін толықтай ашып бере алған жоқ.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ағзада аурулар қалай пайда болады және онымен қалай күресу керек.

Жүйке жүйесі және оның клеткасы туралы ақпарат.

Рефлекс дегеніміз не?

Ми дегеніміз не және ол қаншаға бөлінеді.

Пікір қалдырыңыз