Талу

  Аурулар

Адамдардың талып қалу жағдайын дәрігерлер коллапс деп атайды. Талу мидағы қанның күрт азаюынан, қатты қорку мен аурудан, есік-терезесі жабық қапырық бөлмеде ұзақ болып оттектің жетіспеуінен, жарақаттанғанда көп қан жоғалтудан, қатты шаршағаннан немесе ұзақ ашыққаннан болады.

Кейбір адамдар қанға немесе жарақаттан ағып жатқан қанға қарай алмай талып қалады. Бұл жағдайда адамның миы оттекпен дұрыс қанықпайды да, ол есінен танады.

Коллапс кейбір жүрек-қантамыр ауруларының жиі кездесетін белгісі болып табылады. Талу кезінде адамдар өңі бозарып, көзі қарауытып, сөзге келмей құлап қалады.

Талу бірнеше секундтан 5—10 минутқа дейін созылуы мүмкін. Мұндай жағдайда дереу дәрігер шақырту керек. Оған дейін науқастың басын төмендетіп, өңірін ағытып, белдігін босатады, табанын қатты матамен ысқылайды және ол жатқан бөлменің ауасының таза болуын қамтамасыз ету керек. Науқас есін жию үшін бетіне су бүркіп немесе сірке, әтір, мүсәтір спиртіне малынған мақта иіскету қажет.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Күн өту кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрі.

Адамның шөлдеуі не үшін болады?

Суға кету кезінде алғаш қандай көмек көрсетілу тиіс.

Уланудың себептері және улану кезінде көрсетілетін жәрдем.

Пікір қалдырыңыз