Теңіз ауруы

  Аурулар

Ұшақпен ұшқан кезде, әрбір адамның орындығының арқасына қағаз қапшықтар салып қойғанын көресің. Бұл ұшқан кезде кейбір адамдардың жүрегі көтеріліп, құсатын жағдайда керек болады. Осындай жағдайлар кемемен теңізде жүзгенде де байқалады.

Кеме шайқалысы адамдардың жүрегін көтеріп, құстырып, басын ауыртады. Осындай жағдайды теңіз ауруы деп атайды. Кейбір адамдарда бұндай ауру автокөлікпен немесе поезбен жүргенде де байқалуы мүмкін. Бұл кейбір адамдардың інжі құлақ қуысыңдағы тепе-теңдік аппаратының өте сезімтал болуынан деп түсіндіріледі.

Ұшақпен ұшқанда, кеме шайқалғанда немесе автокөлік кенет бұрылғанда, әрбір осындай қозғалыс тепе-теңдік аппаратымен қабылданады да, ол кезбе жүйкесіне белгі береді. Кезбе жүйкесінің тітіркенуі ішкі мүшелерге, әсіресе, жүрек-тамыр және асқорыту жүйелеріне қатты әсер етеді. Соның салдарынан адамның басы айналады, лоқсып, құсады.

Теңіз ауруымен ауыратын адамдар алыс сапарға шығар алдында тоя тамақ жемеу керек. Ұшақта, кемеде немесе автокөлікте терең дем алуға ыңғайлы жағдайда отырғаны дұрыс. Теңіз ауруымен ауыратын адамдарға жолға шығар алдында бірер сағат бұрын аэронның 1—2 таблеткасын ішіп алған пайдалы. Ең бір қызықты жағдай — саңырау адамдар теңіз ауруымен ауырмайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Күн өту кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрі.

Ентігу не үшін және қалай болады.

Ұйқыға байланысты аурулар туралы біз не білеміз?

Мидың шайқалуы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек.

Пікір қалдырыңыз