Тіл мүкістігі

  Аурулар

Кейбір адамдар “с”, “ц”, “ч”, “ш”, “щ” әріптерін айта алмайды. Ендеше осы әріптерді айтқанда, тіліміздің қозғалысына зер салайық. Мысалы, “с” әрпін айтқанда, адамның тілінің ұшы төменгі тістерге жанасады. Бұл кезде тілдің ұшы мен тістің ортасынан өтетін ауа сыртқа ысылдап шыгады. Сол кезде біз “с” деген дыбысты естиміз. Егерде тілдің ұшын жоғарғы тістерге тигізіп айтсаң, онда мүлдем басқа дыбыс шығады. Сондықтан тіл мүкістігі дегеніміз — жеке дыбыстардың дұрыс айтылмауынан сөздің бұзылуы болады.

Тіл мүкістігі бала сөйлей бастаған кезде біліне бастайды. Егер баланың дыбыстарды қалай айтатынына бірден көңіл бөлмесе, тіл мүкістігі жоғарғы сыныптың оқушысы болғанда да байқалады. Ол кезде балаға әріптерді дұрыс айту қиынға түседі. Тіл мүкістігін емдеуді логопед-дәрігерлер жүргізеді. Әріптерді дұрыс айтпау ересек адамдардың да арасында жиі кездеседі. Оларда тіл мүкістігінің дамуына, тістерінің болмауы, сондай-ақ, ауыз қуысындағы кемістіктер әсер етеді. Мұндай жағдайда ересек адамдарға тіс дәрігеріне көріну керек.

Тұтығу

Кейде адамдар тұтықпалармен қалжындасып, орынсыз келеке жасайды, бұл жай олардың одан да қатты тұтығуына себеп болады. Тұтығу — адамның сөйлеу мүшесінің дамуында, әсіресе балалық жаста, жиі кездесетін ақаулық.

Егер тұтықпа баланы уақытында емдемесе, ол есейгенде де оның тұтығып сөйлеу әдеті қалады және оған көмек беру қиындайды. Сөйлеу мүшесінің бұзылуына адамның жүйке жүйесінің қызметіндегі өзгерістер себеп болады.

Тұтығу әдетте, бала қатты қорыққанда немесе бір мезгілде барлық ойын тез айтып жеткізуге талпынғанда пайда болады. Егер тұтықпа баланы келемеждеп күлсеңіз немесе оған ұрса бастасаңыз, онда ол сөйлеу кезінде өзіне сенімділігін мүлдем жоғалтып, одан да қатты тұтыға бастайды. Бүгінде тұтықпаны емдеуге болады, онымен ерекше мамандар — логопед-дәрігерлер айналысады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Адам тілінің сөйлеуден басқа атқаратын қандай қызметін білесіз?

Сөйлеу дегеніміз не?

Кереңдік қалай пайда болады және оның қанша түрі бар?

Дауыстың қарлығуы және оның алдын алу жолдары.

Пікір қалдырыңыз