Тонзиллит

  Аурулар

Таңдай (көмекей) бездерінің қабынуын тонзиллит деп атайды. Бұл сырқат баспамен қайталап ауырғанда пайда болады. Мұрыннан қиналып дем алу, мұрын қуыстарының және тістің зақымдануы тонзиллиттің созылмалы түріне ауысуына әкеледі.

Тонзиллитпен ауырғанда науқас адамның жиі-жиі тамағы ауырып, жұтынғанда тамағында бір нәрсе тұрғандай болады. Ауру адамның дене қызуы қатты көтеріліп (кейде температура бірнеше күн, аптаға дейін түспей қояды), әбден әлсірейді, буындары сырқырап, басы қатты ауырады.

Сырқаттың белгісі білінісімен-ақ дәрігерге көріну керек. Егер дене қызуы қатты көтерілсе, дәрігерді үйге шақыртқан жөн. Аурудың ағымына қарай дәрігер ем жүргізеді. Ауру асқынып кетсе, науқас адам ауруханаға жатып емделеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Тілме дегеніміз қандай ауру?

Құлақтың қабынуы Отит ауруының негізгі белгісі.

Дизентерия ауруының сипаттамасы және себебі.

Қызылша ауруы туралы мәліметпен танысыңыз.

Пікір қалдырыңыз