Цирроз

  Аурулар

Цирроз немесе бауыр тіндерінің бұзылуы өте қауіпті ауру. Цирроз көп жағдайда ішімдікті көп ішкен адамдарда болады. Себебі, ішімдік құрамындағы зиянды заттар бауыр клеткаларына жаман әсер етеді. Ағзадағы улы заттардың, соның ішінде ішімдіктің де үздіксіз сыртқа шығуын қамтамасыз ететін — сол бауыр клеткалары.

Егер бұлар үздіксіз жұмыс жасай берсе, ондай жағдайға шыдамай, олар бірте-бірте өз тіршілігін жояды. Олардың орнына дәнекер тіндері пайда болады, бірақ олар бауыр клеткаларының жұмысын атқара алмайды. Соның салдарынан ауру адам жүдейді, ішкен асын сіңіре алмайды, асқорыту мен жүйке жүйелерінің жұмысы бұзылады, қанның құрамында эритроциттер мен белоктардың мөлшері азайып, қанның ұюы төмендейді. Кейде асқорыту жолдарынан қан кетуі мүмкін. Бауыр циррозы өте қауіпті және ем қонбайтын ауру.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бауыр жайлы толық ақпарат

Лейкоз немесе ақ қан ауруының белгілерімен сипаттамасы.

Ісіну дегеніміз не оның адам ағзасына себеп салдары қандай.

Миокард инфарктісі белгілері себеп салдары.

Пікір қалдырыңыз