Туа пайда болған ақаулар

  Аурулар

Кейбір балалар туылғанда әртүрлі ауруларға шалдығып немесе қайсыбір мүшелерінің толық дамымаған ақаулы қалпында өмірге келеді. Бұл ауруларды туғаннан пайда болған деп атайды, олар ұрық пен іштегі баланың жатыр ішінде дұрыс дамымауынан пайда болады.

Туа пайда болған аурулар мен ақауларды, негізгі себебі ата-ананың тұқым клеткаларының хромосомдарында жазылып қалған, тұқым қуалайтын аурулардан ажырата білген жөн. Өйткені бұл аурулар балаға ата-анадан тұқым қуалау жолымен беріледі.

Ал баланың туғаннан пайда болған аурулары мен ақауларының басты себебі ананың ағзасында ол бала көтерген уақытта пайда болған түрлі аурулардың (әсіресе, вирусты жұқпалы аурулар) және әртүрлі зиянды заттардың (әртүрлі улар, алкоголді ішімдіктер, темекі, рентген сәулесі) ұрықтың дамуына әсер етуінен болады.

Бұл заттар алдымен ананың ағзасына түседі немесе онда пайда болады да, содан кейін бала орны (плацента) арқылы ұрыққа беріледі. Сол кезде олар ұрықтың барлық ағзасына немесе оның жүрек-қан тамырлары, асқорыту, жүйке, тірек-қозғалыс жүйелерінің дамып келе жатқан жекелеген мүшелері мен тіндеріне әсер етеді.

Соның нәтижесінде баланың үстіңгі ерні жырық (қоян ерін), саусақтары жетілмеген, есту және көру қабілеті төмен, жүрегі мен қан тамырларының ақаулы болып тууы мүмкін. Мұндай балаларға тек дәрігер ғана көмек бере алады, ал қайсыбір жағдайда ондай ақауларды тек хирургиялық операция жолымен ғана емдеуге болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Тұқым қуалайтын аурулардың белгілері мен түрлері.

Ісік қалай пайда болады және оның түрлері.

Цирроз ауруының негізгі белгілері.

Тұқым қуалау дегеніміз не және бұл заңды кім ашты?

Пікір қалдырыңыз