Тұқым қуалайтын аурулар

  Аурулар

Адам өзінің ата-анасы мен арғы ата тегінен олардың жалпы бет-бейнесін, мінез-құлық ерекшеліктерін, шашы мен көзінің түсін және сонымен қатар қандай-да бір ауруға икемділігін немесе сол аурудың өзін қабылдауы мүмкін.

Балаға ата-ана мен олардың арғы ата тегінен берілетін ауруларды — тұқым қуалайтын аурулар деп атайды. Бұл аурулардың себептері баланың ата-анасының біреуінің тұқым клеткаларының хромосомдарында жазылып қалған.

Оның белгілері — гендер ата-анадан балаға бірден ауру немесе соған икемділік түрінде берілуі мүмкін. Тұқым қуалайтын ауруларға: дальтонизм (түс айыра алмайтын соқырлық), алты саусақ (баланың аяғы немесе қолында бестен көп саусақтың болуы), кейбір психикалық және қан ұюдың бұзылуы сияқты аурулар жатады. Тұқым қуалайтын аурулар әрбір ұрпақта пайда болуы шартты емес, олар екінші немесе үшінші ұрпақта пайда болуы мүмкін.

Егер тек ауруға икемділік тұқым қуаласа, онда ол қоршаған ортаның адамға жайлы әсерлерінің нәтижесінде ересек адамдарда басылып қалуы да мүмкін. Қазіргі уақытта тұқым қуалайтын аурулардың гендерінде олардың клеткаларына әсер ету арқылы осы аурулардың дамуын болдырмау жолында сәтті тәжірибелер жүргізілуде.

Тұқым қуалайтын аурулар байқалған отбасы мүшелері некеге тұрарда, оларға алдын-ала әдейі дәрігерлік кеңестер берудің болашағы үлкен. Өйткені, мұндай ата-аналардан туатын балаларда осы аурулардың пайда болу мүмкіндігін дәрігерлер дәл анықтап бере алады.

Тұқым қуалаушылықтың заңдылығын ерекше ғылым саласы — генетика зерттейді. Болашақта генетик-ғалымдар тұқым қуалайтын аурулардан адамдарды қорғаудың жолдарын табады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Туа пайда болған аурулар мен ақаулардың негізгі себебі.

Тұқым қуалау дегеніміз не және бұл заңды кім ашты?

Психикалық аурулардың дамуының негізгі себептері.

Нуклеотидтер дегеніміз не екенін білесізбе?

Пікір қалдырыңыз