Тұншығу

  Аурулар

Егер кенеттен ауадан келетін оттектің қанға өтуіне бір нәрсе кедергі жасаса, адам булығып, тұншыға бастайды. Бұл кезде сопақша мида орналасқан тыныс алу орталығы, қанның құрамында оттек мөлшерінің күрт азайғанын есепке алады да, тыныс алу мүшелерінің жұмысын күшейту туралы белгі (сигнал) береді.

Адамның тұншығуына тыныс алу жолдарына (мысалы, көмей мен кеңірдекке) бөгде заттың тұрып қалуы да әсер етеді. Сондай-ақ, жүрек аурулары мен сопақша мидың зақымдануы да тұншығудың дамуына себебін тигізеді.

Тұншығу адам өміріне өте қауіпті жағдай деп есептеледі. Ежелгі заманның дәрігерлері тұншығуды асфиксия, яғни ауа жетіспеуінен тыныстың тоқтауы деп бекер атамаған. Миға оттектің жетіспеуінен адам есінен айырылады, қан айналу тоқтайды (адамның тамырының соғуы білінбейді).

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бронх демікпесінің (бронхиальная астма) сипаттамасы.

Эпилепсия (қояншық) ауруының пайда болуы және негізгі себептері.

Ісіну дегеніміз не оның адам ағзасына себеп салдары қандай.

Есінеу — тыныс алу рефлексі туралы не білеміз.

Пікір қалдырыңыз