Витамин жетіспеушілік

  Аурулар

Күнде ішетін тамақта кейбір витаминдердің жетіспеуінен болатын ауруларды витамин жетіспеушілік немесе авитаминоз деп атайды. Бұрынғы кезде теңізшілер теңізде ұзақ жүзгенде, олардың қызылиектері жиі қанап, тістері түсіп қалған. Себебі, олардың ағзасында көкөністер мен жемістердің құрамында болатын С витамині жетіспеген.

Егер адам сәбізді аз жесе, майды ұнатпаса, онда біраз уақыттан кейін адам ағзасында А витаминінің жетіспейтіні байқалады. Егерде балалар, ақ нан мен тәтті бөлкелерді көп жеп, қара нан мен қара құмықтан істелген ботқаны жемесе, онда олардың ағзаларында В витаминінің жетіспеуі пайда болады.

Теңіз балықтары мен тауық жұмыртқасның құрамында Б витамині көп болады. Авитаминозбен ауырғанда адам ағзасы әлсіреп, ауру тудыратын микробтарға қарсы күресе алмайды және зат алмасу процесі бұзылады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Дифтерия ауруының сипаттамасы және себеп салдарлары.

Дәрумендер (витаминдер) жайлы ақпарат

Белоктар жайлы не білеміз.

Қаназдық немесе анемия сипаттамасы және оның түрлері.

Пікір қалдырыңыз