Жалпақ табан

  Аурулар

Жазда теңізде немесе бассейінде шомылып, жағажайда жалаң аяқ құмға басқан ізіңе зер салып қара. Көп жағдайда адамға құмға табанымыздың ізі толық түспеген сияқты болып көрінеді. Біз құмнан өкшеміз бен табанымыздың алдыңғы жағының саусақтарымен түскен ізін көреміз. Бұл табанның қалыпты түрі деп саналады.

Мұндай жағдайда табан ойысы анық көрініп, адам кібіртіктемей дұрыс жүреді. Балалар мешел ауруымен ауырса, бала салмағының тым ауыр болуы, ал ересек адамдар ұзақ уақыт аяғынан тік тұру, ауыр дене еңбегі немесе аяқ киімді дұрыс таңдап кимегеннен адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай жалпайып кетуі дамиды. Міне осыны жалпақ табан деп атайды.

Табаны жалпақ адамдар көп жүрсе немесе жүгірсе аяқтары тез шаршап, сырқырап ауыра бастайды. Жалпақ табандықтың ауыр түрінде адамның жүрісінде өзгеріс (мысалы, кібіртіктеу) пайда болады. Мұндай ауру кезінде аяқ киімді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Балалар ұлтаны қатты, өкшесі аласа және сірісі берік аяқ киім киюі керек. Сондай-ақ, тар немесе кең, өкшесі биік аяқ киім киюге болмайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мүйізгек (мозоль) аурума ол неден пайда болады?

Мешелдің белгілері және бұл аурумен кімдер аурады?

Радикулит ауруының негізгі айқын белгілері себебі мен салдары.

Ентігу не үшін және қалай болады.

Пікір қалдырыңыз