Жарық немесе грыжа

  Аурулар

Кейде шап қатпарларында мөлшері кішкентай, жұмсақ, томпайған жердің пайда болғаны байқалады. Сол жерді саусақпен басқанда, ол жоғалып кетеді, ал адам қатты жөтелсе немесе ауыр жүк көтерсе томпайған жер қайтадан пайда болады. Бірте-бірте осы томпайған жер ұлғайып, оның мөлшері үлкейеді де, ол жарыққа айналады.

Сонымен жарық дегеніміз — іш қуысындағы бұлшық ет пен сіңір талшықтары қабаттарының ажырауы. Осы ажыраған жерден біртіндеп ішкі мүшелер тері астына шыға бастайды. Жарық кезінде жарық қақпасы, жарық қабы (іш пердесі), жарық қабаттары пайда болады. Жарықтың негізгі белгісі оның теріні көтеріп, томпайып шығуы.

Жарықтың дамуына ауыр жүк көтеру, ұзақ уақыт қатты жөтелу әсер етеді. Сондай-ақ, ішкі мүшелердің жарақаты асқынып, операция жасалса сол жер тыртықтанып бітіп, кейіннен жарық пайда болады. Жас балаларда жарық іш қуысының туа пайда болған зақымдануынан дамиды. Бірақ, жарық көп жағдайда қарт адамдарда байқалады, себебі адамның жасы ұлғайған сайын олардың ағзасындағы тіндері де әлсірейді.

Кейде жарық қабының ішінде ішкі мүшелердің қысылып қалуы мүмкін. Бұл кезде қысылған мүшенің қан айналымы бұзылып, тіннің қоректенуі нашарлайды. Бұл жарықтың ең қауіпті асқынуы болып саналады. Себебі, қысылған мүше біртіндеп өз тіршілігін жоя бастайды. Мұндай кезде жедел хирургиялық операция жасалынады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

Жабысқан жер немесе спайки сипаттамасы себеп салдары.

Гангрена қалай және үшін пайда болады?

Несеп тасы (мочевые камни) қалай пайда болады?

Пікір қалдырыңыз