ЖИТС немесе СПИД ауруы

  Аурулар

Медицина қарқынды дамығанмен, жазылмайтын аурулар адамзаттан қалар емес. Көптеген қауіпті аурулар ғылымға белгісіз, жаңа микроорганизмдердің әсерінен дамиды. Сонда мұндай жаңа микробтар қайдан пайда болады? Ғалымдардың ондай микробтар адам ағзасындағы гендердің өзгеруі немесе мутацияның әсерінен болады деп пайымдайды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын біздің планетамызда өте қауіпті, адамды өлімге алып келетін — адамның иммундық тапшылық вирусы табылды. Оны 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье және американ ғалымы Р.Галло ашты. Бұл вирус қан арқылы немесе ересек адамдарға жыныстық қатынас арқылы жұғады.

Вирус адам ағзасына енгеннен кейін, оның аурулардан қорғайтын клеткасы — лимфоциттерді зақымдайды. Алғашқы кезде ағзада ешқандай аурудың белгісі білінбейді. Бірақ вирус бірте-бірте адамның иммундық жүйе қызметін бұзып, соның нәтижесінде әр түрлі инфекциялар мен қатерлі ісіктер пайда болады.

Осы күнге дейін бұл ауруға қарсы тиімді дәрі-дәрмек табылған жоқ. Бірақ, Дүние жүзінің ғалымдары 20 жылдан астам уақыттан бері ЖИТС-ті емдеудің тиімді жолын табу үшін жұмыстанып жатыр. 1986 жылы әр жылдың 1 желтоқсаны — жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромымен күресу күні болып белгіленді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қатерлі ісік немесе рак дегеніміз?

Карантин дегеніміз не және ол қандай жағдайда жарияланады.

Ісік қалай пайда болады және оның түрлері.

Аурудың қанға жұғуы немесе сепсис (заражение крови).

Пікір қалдырыңыз