Жылан шағу

  Аурулар

Егер табиғатқа серуендеуге шығатын болсаңдар, міндетті түрде дұрыстап киіну керек екенін ұмытпа. Себебі, ормандағы бұталардың түбінде, ескі ағаштардың тамырының арасында немесе кесілген ағаштың түбірлерінің астында — улы сұр жыландар тіршілік етеді. Олар адамдардан қорқады және өте сақ жыландар, дегенмен олар адамдардан тығылып үлгермесе немесе өздерің оларды байқамай басып кетсеңдер, олардың шағып алуы мүмкін.

Бұлардың улы тістері үстіңгі жақ сүйегінде ұшы артқа қарай бағытталып жатады. Сондықтан, жылан шаққанда, оның уы шаққан жердегі жара арқылы адамның ағзасына енеді. Егер адамды жылан шақса, дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілуі керек. У ағзаға тарамау үшін жылан шаққан жерді үстіңгі жағынан қатты таңып, байлап тастау керек.

Жарақаттанған жерді қатты басып, біраз қан ағызу қажет немесе уды сорып алып, түкіріп тастау керек (бірақ көмек беруші адамның аузында жара немесе тісі құрттаған болса олай жасауға болмайды ). Жылан шаққан адамға сұйықты көп ішкізіп, ең бастысы, оны медициналық мекемеге тезірек жеткізген жөн.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Уланудың себептері және улану кезінде көрсетілетін жәрдем.

Құсу кезіндегі алғашқы көмек қандай болу керек?

Күйік дегеніміз не, түрлері мен дәрежелері қалай аталады?

Күн өту кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрі.

Пікір қалдырыңыз