Жыланкөз

  Аурулар

Адамның ішкі қуыс мүшелерін өзара жалғастырып, тері арқылы сыртқа шығатын жіңішке өзекті — жыланкөз деп атайды. Ол қалыпты жағдайда кездеспейді. Жыланкөз адам ағзасының ішкі мүшелерінің ұзақ уақыт қабынуынан және олардың іріңдеуінен дамиды. Іріңдеудің нәтижесінде, ірің тіндерде жиналып, іші іріңге толы қуыс пайда болады.

Ірің қуыстың қабықшасын тесіп шығып, жалғасып жатқан мүшеге қарай ағады немесе терідегі саңылау арқылы сыртқа шығады. Жыланкөз түрлі жарақаттардан (оқ және пышақ жарақаты) пайда болады. Кейде жыланкөздің уақытша ем ретінде әдейі жасалынатын жағдайлары да бар. Мысалы, өңеш қатерлі ісігіне операция жасағанда, тамақ өтпей қалса немесе қуық, өт қабы ауруларынан дәрет жүрмей қалған жағдайда жасанды жыланкөз шығару қажеттілігі туындайды. Жыланкөзді дәрі-дәрмек беріп емдесе, бітеліп кетуі мүмкін. Егер ол өз бетінше жабылмаса, онда хирургиялық операция жасайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қатерлі ісік немесе рак дегеніміз?

Қан кету нешеге бөлінеді және оның сипаттамасы.

Қарынның және он екі елі ішектің ойық жарасы.

Бөгде дене дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз