Бөлім : Балалар ауруы

Сары ауру (вирусный гепатит) — өте жұқпалы дерт, Бұл — қара бауырдың (жігердің) қабынуы. Қара бауыр оң қабырғаның астында орналасқан. Дені сау жас балаларда бауыр қабырға астынан 1 -2 сантиметрге дейін шығыңқырап тұрады, бұл— жас балалар ерекшелігінің бірі. Бауыр организмде болып жататын барлық процеске толық қатысады, сондықтан да оны организмнің ең күрделі лабораториясы деп те ..

Read more

Жас балаларда тиын, түйме, ілгек, ине, шеге, кнопка, сүйек, тағы басқа түрлі заттарды жұтып қоятын жағдайлар жиі кездесіп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар әртүрлі заттарды ауыздарына салып ойнап жүріп, оларды қапелімде білмей жұтып қояды. Ал ересек балалардың ішінде жора-жолдастарына, кейде қыздардың алдында мақтанып, ерлік көрсетпек болып оларды әдейі жұтатындары да аз емес. Балалар бұл қылықтарының ..

Read more

Улы өсімдіктердің гүлінен, жемісінен, жапырағынан уланып қалушылық та балалар арасында кездесіп тұрады. Себебі, балалар далада, тоғайда ойнап жүріп, гүлді, әр түрлі жемістерді қызығып, ауыздарына салады. Кейде иіскеп қызықтайды. Балалар осылай уланады. Өсімдіктерден уланудың белгілері әр түрлі. Меңдуанадан, ит жидектен уланған кезде 15—20 минуттан соң баланың еріндері кезеріп, аузы құрғайды, жұтынуы нашарлайды, тынышсызданып, көзіне әр нәрсе ..

Read more

Дәрімен улану балаларда жиі кездеседі. Себебі, олар дәрінің сыртқы қабығының әдемілігіне қызығып, оны әуес көріп, конфет сияқты жұта салады. Сондықтан да дәрі-дәрмектерді арнайы қорапта, ол болмаған жағдайда, балалар тимейтіндей жерге сақтау қажет. Баланың қандай дәріден улануына байланысты улану да әр түрлі сипатта болады. Жалпы улануға селқос қарауға болмайды. Оның зардабы ауыр. Уланған балаға шұғыл түрде ..

Read more

Көзге әк, көмір, топырақ, құм, қылтық шөп, тағы басқа да майда заттардың түйіршіктері түскен кезде бет орамалдың немесе жұмсақ таза заттың ұшымен абайлап алып, сонан соң қабақты көтеріп таза ағын сумен жуу немесе пипеткамен тазартып тез арада дәрігерге көрсеткен жөн. Көзге қатты зат соғылғанда, жұдырық, доп, тас алма, тағы басқа да нәрселер тиіп зақымданған жағдайда ..

Read more

Улы жәндіктерге жылан, шаян, қарақұрт, бүйі, тағы басқалар жатады. Бұлар қыс бойы ұйықтап, көктем шығып, күн жылына бастаған кезде оянады да сыртқа шығады. Улы жәндіктер адамды өздігінен шақпайды, көрсе тез арада тығылып қалуға тырысады. Олардың уларының құрамы да әр түрлі. Сондықтан да удың құрамына және оның мөлшеріне, жыл мезгіліне, қай жерді шаққанына, удың денеге қаншалықты ..

Read more

Суға батып кету Жаз айларында суға шомылған және қыста мұз үстінде сырғанаған балалар байқаусызда суға батып кетеді. Сондай-ақ үйдегі ванналарда да жас балалардың суға тұншығып қалатыны бар. Жаз айларында баланы суға шомылдырып, шынықтырып отыру — ата-ананың міндеті. Ересек балалар суға сүңгігенді жақсы көреді. Сүңгіген кезде өте сақ болу керек. Өйткені судың астында темір, тас, тағы ..

Read more

Соңғы кезде пайдаланылып жүрген заттарымыздың көбі жасанды заттар. Бұл заттар тез тұтанғыш келеді, оны есте ұстаған дұрыс. Отты сөндірген кезде мұндай заттарды пайдалануға болмайды. Оқыс жағдайда киімге өрт тиіп жана бастаған кезде жан далбасамен қаша беруге болмайды. Жүгірген сайын киімдерді ауа кеулеп, от одан бетер лаулап жана түседі. Отқа күйіп қалған баланың киімдерін шешіп, оны ..

Read more

Аз ғана кеткен қанның өзі баланың күйін ауырлатып, өміріне қауіп төндіреді. Егер бала қанының төрттен бір бөлігі кетсе, онда қансырап өліп кетуі де ықтимал. Қан тамыры 3 түрге бөлінеді. Олар: артериялар, веналар, капиллярлар. Бұл қан тамырларының ішінде артерия қан тамырының жарақаттануы өмірге зор қауіп төндіреді. Себебі бұл тамырда қан жоғары қысыммен ағады, сондықтан да елеусіз ..

Read more

Күбіртке — саусақтың қабынып іріңдеуі. Оның бірнеше түрі бар. Тері күбірткесі — терінің эпидермис қабатымен негізгі қабатының арасына шығады. Отқа күйген секілді, іші іріңге толып күлдіреп тұрады. Тері асты күбірткесі — терінің астына шығады. Ол бірден біліне қоймайды. Саусақ солқылдап ауырады, ісініп үлкейеді, қабынған жері қызарады. Сіңір күбірткесінде саусақ жалпы ісінеді. Ісінген саусақты жұма алмай ..

Read more