Бөгде заттар жұтып қою

  Балалар ауруы

Жас балаларда тиын, түйме, ілгек, ине, шеге, кнопка, сүйек, тағы басқа түрлі заттарды жұтып қоятын жағдайлар жиі кездесіп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар әртүрлі заттарды ауыздарына салып ойнап жүріп, оларды қапелімде білмей жұтып қояды.

Ал ересек балалардың ішінде жора-жолдастарына, кейде қыздардың алдында мақтанып, ерлік көрсетпек болып оларды әдейі жұтатындары да аз емес. Балалар бұл қылықтарының арты неге соқтыратынын ойлана бермейді. Егер ұсақ жұмыр, бір тегіс, қатты заттар жұтса, олар көп жағдайда дәретпен бірге шығуы ықтимал. Ал егер ірі немесе үшкірлеу, сымық заттар жұтса, олардың дәретпен бірге түсуі өте қиын.

Бөгде заттарды жұтқан балаларға дәрігерсіз көмек жасамаған жөн әсіресе, оларға іш өткізетін дәрі беруден сақ болу қажет. Алманың, қауынның, қарбыздың дәндері, шопақтары, жүгері, ұсақ тас тыныс жолдарына, яғни кеңірдекке, кеңірдек тарамына түсіп, тыныс  жолын бітеп қалатын қиын жағдайлар да аз емес. Тыныс жолы бітеліп қалған баланың дем алуы нашарлап, аузын ашып қармана береді. Уақыт өткен сайын оның халі нашарлап көгере бастайды. Ал егер жұтқан зат кеңірдекте тұрып қалса, бала бірден дем ала алмай қалады.

Мұрын қуысына тұрып қалған жүгері дәнін ұсақ тастарды кейде оңай түсіруге болады. Тәжірибелі ата-ана мұрнына бұрыш немесе насыбай иіскетіп, түшкіртеді. Қатты оқыс түшкіріп қалған кезде бөгде зат сыртқа шығып кетеді. Балаларды көбінесе сөйлеп отырып емізгенде олар қақалып шашалып қалады. Сондықтан баланы алаңдатпай емізген жөн. Ас ішіп отырған баланың сөйлемей жыламай отырып тамақтануын қадағалау керек.

Баланың ыстығы көтерілген жағдайда маңдайына салқын суға батырылған шүберек қойып, мойнының, қолтығының астын, шатын спирт, арақ қосылған немесе сірке суы қосылған сумен сүрт керек. Егер ыстығы жуық арада түспесе, сүлгі немесе дәкені спирт, арақ немесе сірке суы қосылған салқын суға малып, баланың денесіне басып отырған дұрыс. Сонда оның ыстығы тез қайтады.

Бөгде дене дегеніміз не?

Отқа күйіп қалу және күйікті емдеу жолдары.

Улы өсімдіктердің гүлінен немесе жеміс-жидектерден улану.

Көзге әк, көмір, топырақ, құм түссе қандай көмек көрсету керек.

Пікір қалдырыңыз