Демікпе немесе бронхты астма

  Балалар ауруы

Демікпе (бронхиальная астма) — соңғы кезде жиі кездесетін болып жүр. Оны тудыратын аллергиялық жағдайлар. Демікпенің ұстамасы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Бұл ауру кезінде адамның тыныс алуы қиындайды, бала қысылып, бетінде қорқынышты үрей пайда болады, көзі бадырайып, күре тамырлары адырайып кетеді, түсі бозарып, денесінен суық тер шығады, ауа жетпей жанталасады. Мұндай ұстама кезінде балаға тыныштық беріп, желдеткішті ашып қояды, таза ауамен дем алуын қадағалайды, жейдешелерінің түймелерін ағытып, тыныстауын жақсартуға жағдай жасайды.

Мұнда да ауру баланы дәрігерге көрсетіп, оның айтқандарын бұлжытпай орындап отыру керек. Сонымен қатар дене шынықтыру мен спорт та ауру баланың денсаулығын нығайтуға зор көмегін тигізеді. Оны арнайы мамандығы бар медицина қызметкерлері емханада жүргізеді.

Егер ата-ана дәрігердің және жаттықтырушының айтқандарын бұлжытпай орындай білсе, онда жаттығуларды үйде де жасатуға болады. Сөйтіп, дене шынықтыру баланың әдетіне айналуға тиіс. Ауырған нәрестелер үшін де гимнастика мен массаждың ролі күшті. Оларды күніне 2 рет, белгілі уақытта, тамақ ішерден 30—40 минут бұрын жасайды.

Гимнастика мен массаждан кейін баланың көңіл-күйі көтеріліп, тамаққа тәбеті ашылады, ойынға зауқы соғады. Дене шынықтырумен айналысатын бөлменің жылы (жас нәрестелер үшін 21— 23 градус, ал ересек балалар үшін 19—21 градус) болғаны жөн.

Баланы белгілі уақытта ұйықтауға жатқызып, белгілі уақыгга оятқан жөн. Түнгі ұйқы жас нәрестелер үшін 15—16 сағат, 6—10 жастағы балалар үшін 11 —12 сағат, 13 жастан асқан жасөспірімдер үшін 9—10 сағат. Ұйықтар алдында бөлменің ауасын тазартып, еденді, есік-терезелерді сулы шүберекпен сүртеді.

Демікпе басталған кезде баланың кеуде жағын биігірек етіп, басын сәл шалқайтып жатқызады. Ауырған кезде пайда болатын улы заттар және кейбір дәрілердің қалдықтары қанға араласып, басқа органдарға (бауырға, бүйрекке, жүрекке, миға және басқа органдарға) зиян шектіруі мүмкін.

Сондықтан балаға қайнатылған су, жемістердің шырындарын жиі-жиі беріп отыру керек. Бала сұйықты көп ішетін болса, улы да зиянды заттар зәрімен бірге сыртқа шығып, организмге зиянын тигізбейді.

Ауырған кезде организмнің қорғаныс күші әлсірейді, витаминдер жетіспейді. Сол себептен бала аурудан толық айыққанша оған витаминдерді, құнарлы да дәмді тамақтарды, жеміс-жидектерді үнемі беріп отырады. Өйткені аурудан әлсіреген бала көп терлейді, денесінің бөртуі де мүмкін.

Денесі кірленген бала мазасызданып, тынышы кетеді, ұйқысы шала болады. Сондықтан да оны жылы бөлмеде шомылдырып, денесін таза ұстау керек. Шомылатын судың жылылығы 37,5—38 градус болғаны, баланы 10 минут жуындырған дұрыс. Шомылған бала өзін сергек ұстайды, жақсы да, ұзақ ұйықтайды.

Баланың өкпесі қабынғанда қандай медициналық көмек көрсетіледі.

Кеңірдек тармағындағы сілекей қабығының қабынуы (острый бронхит).

Бала тұмаумен ауырса қандай көмек көрсетіледі.

Қызамық немесе скарлатина бұл қандай ауру және оның белгілері.

Пікір қалдырыңыз