Көзге әк түсіп кетсе не істеуге болады

  Балалар ауруы

Көзге әк, көмір, топырақ, құм, қылтық шөп, тағы басқа да майда заттардың түйіршіктері түскен кезде бет орамалдың немесе жұмсақ таза заттың ұшымен абайлап алып, сонан соң қабақты көтеріп таза ағын сумен жуу немесе пипеткамен тазартып тез арада дәрігерге көрсеткен жөн.

Көзге қатты зат соғылғанда, жұдырық, доп, тас алма, тағы басқа да нәрселер тиіп зақымданған жағдайда қабақ қызарып іседі де, көздің іші жақсы көрінбейді. Қатты соққы әсерінен көздің көру қабілеті нашарлап, тіпті көрмей қалатын жағдайлар да кездеседі. Себебі, көз ішіндегі қан тамырлары зақымданып, оның ішіне қан кетуі мүмкін.

Мұндай кезде баланы дереу төсекке жатқызып, астыңғы-үстіңгі қабағының үстіне суық зат немесе салқын суға малынған шүберек, бет орамал басу керек те, хлорлы кальций ертіндісін немесе викасол дәрісін ішкізу қажет.

Шанышқымен, пышақпен, шегемен, инемен, тағы да басқа үшкір нәрселермен көздерін зақымдап алушылық жас балаларда жиі кездесіп отырады. Мұндай жағдайда алдымен баланы шалқасынан жатқызып, таза шүберекті, дәкені, егер бар болса, зарарсыздандырылған бинтті, салфетканы су қосылған араққа, спиртке немесе әтірге, марганцовканың әлсіз ертіндісіне батырып, жарақаттың үстіне қою керек.

Жарақат алғанда ағзада қандай процестер жүреді.

Отқа күйіп қалу және күйікті емдеу жолдары.

Қансыраған жағдайда балаға көрсетілетін алғашқы көмек.

Бала бөгде зат жұтып қойғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Пікір қалдырыңыз