Соқыр ішек ауруының алдын алу

  Балалар ауруы

Соқыр ішек ауруын болдырмауға бола ма? Егер ондай мүмкіндік бар болса оны қалай ұйымдастыру керек? Осы сұрақтарға жауап беру үшін, біз алдыменен өзіміз жоғарыда айтып өткендей соқыр ішек өсігінің қызметіне аздап тоқталып өтейік.

Көп жылдардан бері соқыр ішек өсігінің атқаратын белгілі бір қызметі жоқ, қажетсіз орган деп саналып келді. Сондықтан оны жас нәресте кезінде алып тастауға болады деп те жүрдік. Алайда қазір (В. И. Колесов) және тағы да басқа да ғалымдардың зерттеуінің қорытындысы соқыр ішектің без сияқты, организмді «қорғаушы» қызметі бар орган екені анықталды.

Ол адам иммунитетінің қалыптасу процесіне де қатысатыны дәлелденді. Бұл органның басқа органға қарағанда тез қабынатындығы да оның «қорғаушы» қызметіне байланысты болса керек. Іш ағзалары қабынғанда (гастрит, гепатохоледистит, панкреатит) соқыр ішек өсігінің ісінетіні анықталған.

Мұндай жәй тіпті іш ағзаларына катысы жоқ тамақ, ауыз қуысы бездері қабынғанда да байқалады. Тойып ішкен майлы тамақ та, дене қимылының аздығы да соқыр ішек өсігінің лимфоид тканьдерін қабындырады. Баланың үлкен дәретінің жүрмеуі де іш ағзаларының жұмысын нашарлатып соқыр ішек өсігін қабындырады.

Соқыр ішек ауруынан сақтанудың жолдары көп екенін осыдан-ақ байқауға болады. Сондықтан балаларда ерен қыла бермейтін әр түрлі ауруларды уақытында емдетіп отырған дұрыс. Ондай ауруларға тамақтың (тонзиллит), құлақ жолдарының (отит), тістің (кариес) ауруларын жатқызуға болады. Балалардың уақытылы тамақтануын, бірден тоя тамақ ішпеуін майлы, қуырылған тамақ жегізбей, тағам құрамында түрлі көкөніс, жеміс-жидектерді көбірек болуын ескеріп отыру қажет.

Жеке бастың гигиенасын сақтаудың да мәні зор. Таңертеңгісін және кешке жатар алдында тісті тазалап отыруды дағдыға айналдырған абзал.

Соқыр ішек және ревматизм

Ревматизм ауруы кезінде буындар ісініп, жүрек қызметі нашарлайды. Бұл аурудың пайда болуына сіңірлі тканьдардың қабынуы себеп болады. Сондықтан да ревматизмнің бір белгісі: ішек ауруы арқылы білінеді. Ол ауру түрлі қан тамырлары қабатындағы сіңірлі тканьдардың азаюы салдарынан ішке сары су жиналуы арқылы пайда болады. Соқыр ішек ауруынан ревматизмнің ерекшелігі сол, аурудың белгісі бірқалыпты болмай оқтын-оқтын қайталануында.  Ауырмаған кезде бала өте сергек жүреді.

Аурудың белгілерін салыстырып, сонан соң, қан анализін тексеріп барып ревматизм ауруының диагнозын толық қоюға болады.

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

Соқыр ішек ауруының асқынған түрлері қандай болады.

Балалардағы соқыр ішек (Аппендицит) ауруы.

Балаларда кездесетін Соқыр ішек және өт жолдарының ауруы.

Пікір қалдырыңыз