Соқыр ішек ауруының түрлері

  Балалар ауруы

Соқыр ішектің екі түрі бар: біріншісі — құрылымы өзгермеген яғни қалыпты жәй соқыр ішек, екіншісі — қабынған түрі. Соқыр ішек құрылымының өзгерген түрлері соқыр ішек флегмонасы және соқыр ішек гангренасы деп бөлінеді. Алайда аурудың бұл классификациясы соқыр ішектің клиникасына негізделініп жасалынбаған, ол соқыр ішектің қабыну нәжижесіндегі өзгерістерін ғана көрсете алады.

Асқынбаған соқыр ішектің сыртқы қабаты көп бүлінбейді, ептеп жылтырап тұрады, қан тамырлары сәл қызарып кеңейеді. Ішек қабаттары қалыңдап, көлемі үлкейіп көрінеді. Осындай ішекті микроскоппен қарағанда, оның ішкі қабатының сау екендігін, ал ақ қан түйіршіктерінің көбейіп, ішектің барлық қабаттарына енгендігін көруге болады.

Флегмона (шелдің ұлғайып қабынуы) түрінде өзгерген соқыр ішек (аппендидит) қызарып, көлемі үлкейіп, сыртқы жылтыр қабаты көмескіленіп білеуленіп, сұрланып тұрады. Кейде анық ірің пленкасымен жабылады. Егер соқыр ішек былқылдап колба тәріздес үлкейсе, мұндай флегмонаның түрін эмпиема тәріздес соқыр ішек дейді.

Микроскоп арқылы қараған кезде соқыр ішектің ішкі қабаттарында пайда болған жара көрінеді. Ол жаралар эпителий клеткаларының жоғалып, қанның ақ түйіршіктерінің шамадан тыс көбеюі арқылы белгілі болады.

Соқыр ішектің гангрена (шіруі) түріндегі өзгерісі осы аурудың басқа түрлеріне қарағанда тез айқындалады. Ішкі көк еттердің қызарып, ісініп тұрғаны бірден көрінеді. Бұндайда іштен жағымсыз иіс шығып, соқыр ішек қара қошқылданып, іштен түрлі ірің араласқан экссудаттар (сарысулар) шығады. Соқыр ішектің өзі кеңіп болбырап кеткендей, кейде сырты қоңыр-қошқыл қабаттарында әртүрлі тесіктер бары да байқалады.

Микроскоппен қарағанда аппендициттің бұл түрінен тканьдердің формасын анықтап табу мүмкін болмайды, қабаттардың құрылымы толықтай бұзылады. Жоғарыда айтылған өзгерістермен қатар, оны қоршаған тканьдер мен органдар да өзгеріске ұшырайды.

Осы ретте ішті ашқан кезде — қабынған, ісінген, қызарып білеуленіп тұрған іштің шарбы майын, шажырқай бездерінің үлкейгенін де көруге болады. Жамбас қуыстарына, тік ішек пен қуық арасында жиналған іріңдерді де көруге болады.

Соқыр ішекке, оның өсігінің айналасына басқа ішектер, шарбы майы жиналады, оны соқыр ішек инфильтраты (шоғырланып жиналуы) деп атайды. Бұл кезде қабынып, ісініп тұрған аппендицит бір-бірімен жабысқан ішектердің арасында қалады, ал оны алып тастау аса қауіпті. Соқыр ішек (аппендицит) ауруының белгілері әр түрлі. Оны балалардың жасына да байланысты қарастырған жөн.

Соқыр ішек ауруы және оның алдын алу жолдары.

Соқыр ішек ауруының асқынған түрлері қандай болады.

Балалардағы соқыр ішек (Аппендицит) ауруы.

Үш жастан асқан балаларда соқыр ішек ауруының біліну белгілері.

Пікір қалдырыңыз