Соқыр ішек және Шенлейн-Генох ауруы

  Балалар ауруы

Шенлейн-Генох ауруы кезінде қан түйіршіктері қан тамырларынан сыртқа шығып ұйып қалады. Бұған қан тамырлары қабатындағы байланыстырғыш тканьдардың азаюы әсер етеді. Оның белгілері де әр түрлі.

Егер ішек қан тамырларына қан ұйыса, баланың іші қатты ауырады, оның клиникалық белгісі де соқыр ішек ауруына ұқсайды. Баланың ештеңеге құлқы соқпайды, көп жылайды, ашуланғыш келеді. Тамаққа тәбеті болмай, кейде құсуы мүмкін, іші қатты ауырғанымен қолмен басып көргенде жұмсақ екенін байқауға болады.

Мұнымен қатар кейде буын асты терілерінен нүкте- нүкте болып қызарып ұйыған қан тамыршаларын байқауға болады. Лабораториялық әдіспен тексергенде қанның ақ түйіршіктерінің соқыр ішектегідей көбеймегені белгілі болады, демек бұл соқыр ішек емес.

Құлақтың қабынуы да соқыр ішек ауруына ұқсайды

Бұл ауруды үш жасқа дейінге балаларда кездесетін соқыр ішек ауруынан ажырата білу қажет. Құлақ ішінің қабынуы көбіне кенет түн ортасында басталады, бала шырылдап жылап қолды-аяққа тұрмайды. Көбінесе ыстығы көтерілмейді.

Мұндайда баланың құлағының алдыңғы жағын басып көрген дұрыс. Ол кезде баланың жылауы жиілеп, басын ұстатпауы мүмкін. Егер сол кезде құлақ түбіне жылы грелка қойса, бала жылауын азайтып, сәлден соң ұйықтап кетеді. Құлақтың қабынуын ескермеу жас баланы қажетсіз тексерулерден өтуге, тіпті оның орынсыз операцияға түсуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Соқыр ішек және зәр жолдарының қабынуы ауруы.

Балаларда кездесетін Соқыр ішек және өт жолдарының ауруы.

Соқыр ішек ауруы және оның алдын алу жолдары.

Соқыр ішек ауруын қандай емдеу жолдары болады.

Пікір қалдырыңыз