Соқыр ішек және зәр жолдарының қабынуы

  Балалар ауруы

Зәр жолдарының қабынуы мен соқыр ішек ауруының ұқсас болуы ішек, бүйрек зәр жолдары нерв талшықтары кіндік түбіне шоғырлана біткен.

Егер дене мүшесінің бірі ауырса, екінші мүшеге әсер ететіні белгілі. Дегенмен де әсер етудің де өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер іштің ауыру белгісіне байланысты. Егер баланың бүйрегі ауыратын болса, ол жиі-жиі қысып ауырады, ауру көбіне іштің артқы бөлігіне қарай бағытталып, зәр жүретін түтікшенің бойымен шатқа беріледі.

Осы кезде бала жиі-жиі кіші дәретке отыруы мүмкін. Зәр анализінен одан белокты заттарды табуға болады. Яғни соқыр ішек ауруына қарағанда бүйрек және куық ауруларының ерекше белгілері бар екені анық. Солай бола тұрса да, соқыр ішек ауруының кейбір түрлері (жамбастың ішіне, бүйрек жанына қарай орналасқан) жоғарыда айтылғандай ауру белгісін білдіру мүмкін.

Осындай жайларды ескере келе, осы ауруларды бір-бірінен ажырату аса қиын екенін баса айтпақпыз. Кейде арнайы терең зерттеулер өткізуге де тура келеді. Осы зерттеулердің ішінде бүйрек жолын рентген арқылы суретке түсірудің маңызы зор.

Арнайы дайындықтан кейін суретке түсірген пленкаларда баланың бүйрек тұстарында тас бар-жоғы анықталады. Көп жағдайда, балалардағы қуық және басқа да зәр жолдарының қабынуына осы органдардың іштен туа пайда болған «ақауы» да әсер етуі мүмкін. Мұны да рентген сәулесі арқылы анықтауға болады.

Балаларда соқыр ішек ауруына ұқсас аурулар көп-ақ, солардың бірі — түрлі құрттардан болатын аурулар. Олардың ішінде аскаридоз (жұмыр құрттар) ауруы жиі кездеседі. Осы жұмыр құрттардан пайда болатын — аурулар адамдармен қатар кейбір жануарларда да кездеседі.

Жұмыр құрт екі жынысты, ұрғашысының ұзындығы 25—40 см-ге дейін де, ал еркегінің ұзындығы 15-25 сантиметрге дейін. Ұрғашы жұмыр құрт күніне 200 мыңға жуық жұмыртқа шығарады. Осы жұмыртқалар адамдардың нәжісі арқылы сыртқа шығады.

Егер жұмыртқалар өзінің өсуіне қолайлы ортаға түссе тез дамып, 10—15 күннің ішінде жұмыртқа өсіп жетіледі. Ішекке түскен жұмыр құрттар ішек қабаттарын тесіп өтіп вена қан тамырларына түседі, одан ары ол жүректің оң жақ бөлігіне, содан соң өкпе тамырларына, оның қабырғаларын да тесіп өтіп өкпенің ауа жүретін бронхыларына өтеді.

Бронхы мен трахеяның ішіне түскен аскарида құртының личинкасы осы «жолды» 9—15 жетіде жүріп өтеді екен. Ауыздағы сілекейді жұту арқылы адамдар аскарида құртын қайта жұта береді.

Жұмыр құрттан болатын ауру жалпы көп тараған аурулар түріне жатады. Топыраққа түскенде ол көпке дейін жата береді. Әсіресе бұл ауру жылы немесе қоңыр салқын климаты бар аудандарда кең тарап отыр.

Аскаридоз ауруының балалар арасында жиі кездесуі олардың санитарлық-гигиеналық жағдайларды нашар сақтауынан. Қолын жумай тамақ ішу, тырнағын дер кезінде алмау, жазда көкөністі, жеміс-жидекті жумай жеу де осы аурудың тарауына жағдай жасайды.

Аскаридоз ауруының білінуі екі кезеңде өтеді. Оның алғашқы кезеңі — личинканың қанда жүруіне байланысты болса, ал екінші кезеңде ол ішектің ішінде өсіп, жетіледі.Бірінші кезеңінің негізгі белгілері басқа да ауру түрлеріне ұқсайды. Мысалы, ауырған бала әлсіреп, ыстығы сәл көтеріледі.Аскаридоз ауруының алғашқы белгілері кейде баланың терісінде әр түрлі қышыма бөртпелердің пайда болуынан да көрінеді.

Аскаридоз ауруының екінші кезеңінің клиникалық белгілері ерекше айқын. Бұл кезеңде аскарида құртынан бөлінетін улар ішекке әсер етеді. Ішек жиырылып бала құса бастайды, бала әлсіреп, тамаққа тәбеті шаппайды. т. б. белгілер кейде соқыр ішек ауруына ұқсайды.

Сондықтан іші ауырған баланың ата-анасынан аскарида құртының жұмыртқалары нәжісте болған-болмағанын сұрап-білу керек. Балаға арнайы тексеруде құрттың өзі немесе жұмыртқасы табылған жағдайда ғана диагноз қойылады. Тексеруді бірнеше рет қайталаған дұрыс. Аскаридоз ауруын балалар дәрігері емдейді.

Көп тараған дәрілерге жасына сәйкес берілетін пиперазин — адипант және асқазанға таңертең таза оттегі (әр жасқа 100 мл) жіберіп құрттарды емдеу тәсілдері жатады. Осы аталған дәрілермен қоса сантонин, цитвар дәні де қолданылады.

Соқыр ішек және Шенлейн-Генох ауруының белгілері.

Балаларда кездесетін Соқыр ішек және өт жолдарының ауруы.

Соқыр ішек ауруын қандай емдеу жолдары болады.

Соқыр ішекті белгілері ұқсас аурулардан ажырату жолдары.

Пікір қалдырыңыз