Бөлім : Ағза

томпақша без — эпифиз

Мидың ішінде мишықтан кейін орналасқан, пішіні бұршақ дәніндей бір мүше бар. Оның сыртқы түрі қылқанжапырақты ағаштың бүріне ұқсайды. Міне, осы томпақша без — эпифиз деп аталады. Ол ішкі секреция бездеріне жатады және гормон бөліп шығарады. Бірақ бұл бездің және оның бөліп шығаратын гормонының адам ағзасында қандай қызмет атқаратыны әлі толық зерттелген жоқ. Соңғы ғылыми зерттеулердің ..

Read more

Ішек — ас қорыту жүйесі

Ішек — ас қорыту жүйесінің бір бөлігі. Асқазандағы ас қорыту қарын сөлдерінің әсерінен басталады. Қарын сөлімен шыланған тамақ біртіндеп, аз мөлшерден ішекке түседі. Ішектің пішіні ұзын, созылмалы түтікке ұқсайды, ересек адамда оның ұзындығы 5—6 метр. Ас қорыту ішектерде жалғасады. Ішектердің саңылауларына үлкенді-кішілі бездерден ас қорыту сөлдері бөлінеді. Тамақтың құрамындағы белок, май және көмірсулардың күрделі молекулалары ..

Read more

Ықылық ату

Ықылық не себептен болады? Адам кенеттен тез дем алғанда “ық” деген дыбыс шығарады, оның атауы осы дыбысқа байланысты қойылған. Ықылық асқазанның шамадан тыс толуы немесе жұтқан ауаның тез мұздап кетуі көкетті тітіркендіруінен болады. Бұл кезде көкет пен қабырға аралық бұлшық еттер кенеттен жиырылып, адам қатты қысқа дем алады, соның әсерінен “ық” деген дыбыс шығады. Ас ..

Read more

шықшыт безі

Құлақ сырғалығының төменгі ұшынан ең басты жақ бұлшық етін қолмен басып көруге болады. Содан кейін шықшыт безі орналасады. Бұл ең үлкен сілекей безі деп есептелінеді. Бұл бездің сілекей құрамында ас қорытуға қажетті ферменттер мен тұздар түзіледі. Шықшыт безінен сөл жіңішке өзектер арқылы ағады, оның аузы жоғарғы жақта орналасқан екінші үлкен азу тістің жанында болады. Бүкіл ..

Read more

Адамның шөлдеуі

Адамның шөлдеуі — ағзада тұздың көбейіп, судың азайғанын білдіреді Мұндай жағдайдың ең алдымен қанға қатысы бар. Адам ыстық кезде немесе ауыр жұмыс жасағанда қатты шөлдейді. Бұл кезде теріден өте көп тер бөлініп, ағзадағы су мен тұздың арақатысының тепе-тендігі (балансы бұзылады. Қан біртіндеп қоюлана бастайды. Егер адам өз салмағының бір пайызындай су жоғалтса, қатты шөлдейді, ал ..

Read more

Шеміршек

Егер мұрынның ұшын немесе құлақ қалқанын қолыңмен басып көрсең, онда қолыңның астынан аса қатты емес, созылмалы бір нәрсені сезесің. Бұл ол мүшелердің қаңқасы сүйектен емес, шеміршектен құралғанын көрсетеді. Шеміршек клеткаларының арасын талшықты заттар толтырып жатқандықтан, олар мықты және созылмалы болады. Шеміршек тіндерінің, әсіресе, омыртқаарлық дискілер мен буындар үшін маңызы зор. Егер сүйектердің ұшын шеміршек жаппаса, ..

Read more

адамның шаршауы

Әрбір адам шаршаудың не екенін жақсы біледі. Ол ауыр жұмыс істегеннен немесе ұзақ ой еңбегінің нәтижесінде болады. Адамның шаршауына бір жағынан ағза клеткалары мен тіндеріндегі қоректік заттардың қоры азайса, екінші жағынан қарқынды зат алмасудың салдарынан клеткада қоректік заттың көп жиналуы әсер етеді. Шаршау — адам ағзасын дем алуға шақырған белгі. Сондықтан, өз орнымен ағзаны дем ..

Read more

шаш туралы

Тас дәуірінде өмір сүрген адамдарға қалың шаш, үстін жапқан түк олардың тіршілігі үшін өте қажет болған. Бірақ, адамдар өздерінің эволюциялық дамуының арқасында киіне білді, мата тоқуды игерді, кейін өздеріне баспана салып, жылуды пайдалануды үйренді. Сондықтан, бірте-бірте теріні жапқан түктер адамның өмірінде маңызын жоя бастады. Қазіргі кездегі адамда шаш тек басында (кейбір адамдарда ол да жоқ), ..

Read more

денедегі ең нәзік жердің бірі — шап

Адам денесіндегі ең нәзік жерінің бірі — шап. Ол адам құрсағының алдыңғы жағынының төменгі бөлігі мен санының аралығында орналасады. Осы жерде шап сіңірі болады. Бұл сіңірге бұлшық еттердің төменгі жағы байланып, құрсақтың алдыңғы жақ қабырғасын құрайды. Шапта кеудеден санның алдыңғы бөлігіне өтетін тамырлар мен жүйкелердің шоғыры жатады. Шап қатпарларын түзетін тіндер кейде өзіне түскен күшке ..

Read more

ферменттер

Адамның денесін шартты түрде химиялық зауыт немесе үлкен зертхана (лаборатория) деп қарауға болады. Өйткені, онда күрделі химиялық процестердің әсерінен мыңдаған әр түрлі заттардың ыдырауы жүреді. Міне, осының қатарына ферменттер де жатады. Адам денесінде жеті жүзге жуық ферменттердің түрі пайда болып, ағзаға әсер етеді. Олар әсіресе, сілекей, қарын, ұйқы бездерінде, бауыр және ішекте өте көп кездеседі. ..

Read more