Артерия

  Ағза

Артерия

Жүректен ағзадағы барлық мүшелер мен тіндерге қан тарататын тамырлар. Ағзадағы барлық артерия қан тамырымен (тек өкпе артериясын коспағанда) оттекке бай қан ағады. Ең күшті, ірі артерия — қолқа. Ол сол жақ жүрекшеден басталып, одан бірнеше жіңішке артерияларға тарап, кеуденің төменгі жағында аяқты қанмен қамтамасыз ететін екі артерияға бөлінеді.

Артерия ағзаның қай мүшесін қамтамасыз ететін болса, аты соған байланысты аталады. Мысалы, бүйректе — бүйрек артериясы, бауырда — бауыр артериясы. Артерияда қан жылдам және белгілі бір қысыммен қозғалады. Мысалы, қан сан артериясында 0,5 метр/секунд, ал жүректің сауыт артериясында 1 метр/секунд жылдамдықпен жылжиды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Көктамыр (вена) дегеніміз не?

Жүрек және оның атқаратын жұмысы жайлы не білесіз?

Қылтамыр дегеніміз не және оны кім ашты?

Тамыр соғу процесі жайлы не білеміз?

Пікір қалдырыңыз