Аяқ қол

  Ағза

аяқ-қол құрлымы

Күнделікті өмірде біздер аяқ-қол деп жалпылама атаймыз да, олардың әрқайсысы күрделі анатомиялық құрылым екеніне мән бермейміз. Сонымен қол білезік буынын басталып, саусақ ұшымен аяқталады. Қол үшін тірек болатын — иық белдеуі, ол екі жауырыннан және екі бұғана сүйегінен тұрады. Жауырындар қолдың иық сүйектерімен шар тәрізді буынмен, ал қабырға және омыртқалармен бұлшық еттер арқылы жалғасады.

Бұғана сүйектерінің бір жақ ұшы төспен, екінші ұшы жауырынмен жалғасады. Қолдың қаңқа сүйектері иық, білек және саусақтардан құралады. Иық — тоқпан жіліктен, білек —шынтақ сүйек және кәрі жіліктен, ал саусақтар үш бөлімнен: білезік сүйек, алақан сүйек және саусақтардан құралады.

Білезіктің ұсақ сүйектері бір-бірімен қозғалмалы буындармен жалғасқан, ол саусақтардың иілуіне мүмкіндік береді, бес алақан сүйек бірігіп, алақанның қаңқасын құрайды. Алақан сүйектеріне саусақтардың буындары — фалангалар келіп бекиді. Басбармақта екі буын, қалған саусақтарда үштен буындар болады. Ал аяқ үшін тірек болатын — жамбас белдеуі, ол екі шонданай, екі мықын және екі қасаға сүйектерінен тұрады.

Аяқтың қаңқа сүйектері: сан, балтыр және табаннан құралады. Сан бір ғана сүйек — ортан жіліктен, балтыр — үлкен жіліншік сүйегі және асықжіліктен тұрады. Табанның үш бөлімі бар: толарсақ, бақайшақ сүйектері және бармақтар. Толарсақ ұсақ сүйектерден құралады, оның ішіндегі ең ірісі — өкше сүйегі.

Бақайшақ сүйектер ұзынша келген бес сүйектен тұрады, оған бармақтардың буындары бекиді. Ойнақшып тұратын тізе буыны ортан жілік пен үлкен жіліншік сүйектерінен және ұсақ сүйек — тобықтан тұрады. Адам денесі үшін аяқ- қолдың атқаратын маңызы зор. Осы аяқ-қолдың көмегімен біз жұмыс істейміз, қозғала аламыз, спортпен шұғылданамыз.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қаңқа немесе скелет дегеніміз не?

Адамның тізесі туралы қызықты ақпарат.

Жамбас дегеніміз не?

Буын жайлы медициналық түсінік.

One Reply to “Аяқ қол”

  • Тізе буындары,жамбас ,бел ауруларының емдеу жолдарын қалай емдеуге болады?

Пікір қалдырыңыз