Бауыр

  Ағза

Бауыр

Бауыр ағзадағы ең үлкен, ең маңызды без және ағзаның бас химиялық лабораториясы деп аталады. Оның орташа салмағы 1,5—2,0 килограмм. Ол іш қуысының оң жақ бөлігінде орналасқан. Бауырды төрт бөлікке бөледі, оның тіндерінің бәрі қан таратын және өт шығаратын тамырлармен қамтылған.

Қан бауырға қоректік заттар тасиды. Олар бауыр клеткасында өзгеріске ұшырайды. Бір жартысы артық қуат көзі ретінде күрделі қантқа айналып, бауыр клеткасында қалады. Бауырда қан ұю және қан тоқтату үшін өте қажетті белок пен кейбір минералдық заттар түзіледі.

Оның клеткаларынан асқорыту үшін қажетті өт бөлінеді, ағзаға түскен улы заттарды залалсыздандырады. Егер ағзаға улы заттар (әсіресе ішімдік) мөлшерден көп түссе, онда бауырдың жұмысы бұзылып, ағзаны улы заттардан тазалай алмай қалады. Мұның аяғы бауырдың өте қауіпті аурулары — цирроз бен сарыауруға алып келеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Цирроз ауруының негізгі белгілері.

Адам денесінде қанша түрлі ферменттердің бар екенін білесіз бе?

Гипофиз дегеніміз не?

Уланудың себептері және улану кезінде көрсетілетін жәрдем.

Пікір қалдырыңыз