Бұлшық еттер

  Ағза

Бұлшық ет

Адам ағзасын қозғалысқа келтіретін мүше. Адам қолын бүгіп-жазады, саусақтарын қимылдатады, бір нәрсені жерден көтеру үшін еңкейеді, т.б. адамның қимылының бәрі — бұлшық ет арқылы орындалады. Оның негізін бір-бірімен байланысқан бұлшық ет талшықтары құрайды.

Бұл талшықтарға жиырылу және босаңсу қасиеттері тән. Көптеген бұлшық еттер ми мен жұлыннан келетін жүйке импульстерінің әсерінен қозғалады. Осындай сигналдардың көмегінің арқасында біз бұлшық еттердің жұмысын қадағалай аламыз. Адам денесінде 640-тай бұлшық ет болады.

Ағзадағы бұлшық еттерді екі түрге бөледі: 1) қаңқалық көлденең-жолақты бұлшық еттер, бұлар денені әр түрлі қозғалысқа келтіріп, жақсы жиырылып, тез босаңсиды; 2) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер, бұлар асқорыту- ішек жолдары, кеңірдек және қантамырлар қабырғаларын қозғалысқа келтіріп, баяу жиырылады. Ерекше құрылым жүрек бұлшық еттеріне тән, себебі онда екі бұлшық ет түрінің де көрінісін көруге болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қимыл қозғалыс аппараты дегеніміз не?

Жүрек және оның атқаратын жұмысы жайлы не білесіз?

Шаншу (колика) не үшін болады және оның белгілері.

Бауыр жайлы толық ақпарат

 

Пікір қалдырыңыз