Буын

  Ағза

адамның буыны

Жалпы дененің және қол-аяқтың қозғалуына сүйектердің жылжымалы буындармен байланысуы әсер етеді. Сүйектер буынмен буын қапшығы арқылы байланысқан. Буын қапшығы сіңір, буын сіңірі және негізгі бұлшық еттен тұрады. Буын қапшығының ішінде буын аралығын сылап тұратын буын сары суы болады.

Ал оның сыртындағы сіңірлер сүйектерді берік жалғастырып тұрады. Буын сары суы мен сіңірлер сүйектердің қозғалуын жеңілдетеді. Дененің негізгі жоғарғы бөлігіндегі буынға — иық, шынтақ, білезік сүйектерінің, төменгі бөлігіндегі буынға — жамбас-сан, тізе, балтыр- табан буындары жатады.

Қатты соғылғанда, құлағанда немесе оқыс секіргенде буынның зақымдануы мүмкін. Бұл буын қапшығының созылуына әкеледі, онда дәрігерге қаралу керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Буынның шығуы немесе таюы

Аяқ қол туралы медициналық түсінік

Сіңір және оның байламы туралы не білесіз?

Адамның тізесі туралы қызықты ақпарат.

Пікір қалдырыңыз