Даму

  Ағза

Адамның жетілуі

Адамның жетілуінің ең негізгі формасы — оның дамуы. Дамудың екі түрі болады. Олар: адамның жас шағындағы денесінің өсуі (физикалық дамуы) және адамның ішкі рухани-сезім күйі (психикалық дамуы) болып бөлінеді. Физикалық дамуы аталық және аналық жыныс клеткаларының ұрықтануынан басталып, ұрық және іштегі балада жалғасады. Нәресте өмірге келгеннен кейін, оның бойы өседі, ағзадағы мүшелер жетіле бастайды, осылайша адам ересек қалпына жеткенше дами береді.

Адам туғаннан кейін оның ішкі рухани-сезім күйі де дамиды. Дұрыс және белгілі бір бағытпен тәрбиелеудің нәтижесінде, біртіндеп баланың психикалық қабілеті дами бастайды. Бұл кезде отбасы мен мектептің атқаратын қызметі үлкен болады. Жақсы тәлім-тәрбие мен сапалы білім алудың әсері біртіндеп адамның жан-дүниесін — психикасын жетілдіруге көмектеседі. Бұл кезде адам денесінің өсуі тоқтайды да, оның ішкі рухани-сезім күйінің дамуы жалғаса береді. Соның нәтижесінде әрбір адам өзінің білімін тереңдетіп, қабілетін дамытып, кемеліне келеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Адам ағзасындағы Зат алмасу процесі.

Стресс дегеніміз не және оның адам денсаулығына әсері.

Тіршілік немесе өмір қалай пайда болды?

Тұқым қуалайтын аурулардың белгілері мен түрлері.

Пікір қалдырыңыз