Дәрумендер

  Ағза

ағзадағы витамин

Осыдан 3500 жыл бұрын Қытайда кешқұрым көзі көрмейтін адамдарға малдың бауырын берген. 16—17 ғасырдың өзінде алыс сапарға шыққан теңізшілердің тістері түсіп, қызыл иектері қанталағандықтан, олардың күнделікті тамақтарына қарағайдың қылқаны мен капустаны қосып отырған.

Сол кездің өзінде адамдар белгілі бір тағамның құрамында адам ағзасына жетпейтін заттар бар екенін түсінген. Адам денсаулығы үшін витаминнің қажеттілігін алғаш рет 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин айтқан. 1912 жылы поляк ғалымы К.Функ сол кезге дейінгі айтылған мәліметтерді қорытындылап, ғылымға витамин деген ұғымды енгізді.

Мұндай заттар өсімдік және жануар тектес тағамдардың құрамында болады. Адам ағзасының қалыпты өмір сұруі үшін өте аз мөлшерде витамин қажет болғанымен, адам денсаулығы үшін оның алатын орны ерекше.

Адамның дұрыс жұмыс жасап, әр түрлі ауруларға қарсы тұруы үшін 30-ға жуық витамин қажет. Егер ағзада витамин жетіспесе, адам авитаминоз (витамин жетіспеушілік) ауруымен ауырады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бактериялар және Бактериофаг дегеніміз не екенін оқыңыздар!

Минералды заттардың адам денсаулығына маңызы қандай?

Қаназдық немесе анемия сипаттамасы және оның түрлері.

Витамин жетіспеушілік қалай пайда болады?

Пікір қалдырыңыз