Дауыс

  Ағза

Адам дауысы

Адамдардың тіршілік барысында бірін-бірі түсіну үшін дауыс пен сөйлеудің атқаратын қызметі үлкен. Адам дауыс арқылы ой-пікірін, көңіл- күйін білдіреді. Дауыс көмейдегі ерекше дыбыс ағзаларында пайда болады. Ондай ағзалар сырты кілегейлі қабықпен қапталған екі кішкентай қатпардан және жұқа қабықтан тұрады.

Осы қатпарларды дауыс желбезегі деп атайды. Дауыс желбезегі көмекейдің қалқан тәрізді шеміршегінің арт жағында орналасқан. Оны мойынның алдыңғы жағындағы тері астынан саусақпен басып анықтауға болады. Адамдар көмекейдің қалқан тәрізді шеміршегін жұтқыншақ немесе қыдық деп атайды.

Дауыс желбезектерінің аралығында жіңішке бос жер болады, ол — дауыс саңылауы. Өкпеден шыққан ауа дауыс желбезектерін қозғалысқа келтіруінің нәтижесінде — діріл пайда болады. Міне осы дірілді адамның құлағы дыбыс ретінде қабылдайды.

Дауыс желбезегінің кішкентай бұлшық еттермен және көмекейдің қалқан тәрізді шеміршегімен тығыз байланысты болуының салдарынан, дауыс желбезегінің жетілу дәрежесі мен олардың бір-бірінен арақашықтығы өзгеріп отырады.

Міне, осы кезде дыбыстың тербелу жиілігі мен оның үндестігінде (тональность) өзгеріс пайда болады. Мысалы, ер адамдардың дауыс үндестігі төмен, әйелдердікі — жоғары келеді. Адам сөйлеген кезде 4—5 үннен (тон) тұратын дыбыс шығарады. Ал өлең айтқанда дауыс диапазонының күштілігі екі октаваға дейін (16 үнге) жетеді. Әрбір адамның дауысының өзіне тән өзгешелігі бар, соған қарай ол адамды дауысынан тануға болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Дауыстың қарлығуы және оның алдын алу жолдары.

Адамның бойындағы алты сезім мүшесі жайлы не білесіз?

Сөйлеу дегеніміз не?

Кереңдік қалай пайда болады және оның қанша түрі бар?

Пікір қалдырыңыз