Етеккір

  Ағза

еттекір деген не?

Қыз бала балиғатқа толу кезінде оның ағзасында ерекше физикалық және психикалық өзгерістер болады. Ондай өзгерістер әр түрлі белгімен байқалады. Соның бірі — етеккірдің келуі. Етеккір 11—14 жастан бастап, 45—50 жасқа дейін әр айда келіп отырады және ұзақтығы 3—5 күнге созылады.

Етеккір келер алдында ағзада жалпы физиологиялық өзгерістер байқалады. Мысалы, сүт бездері ісінеді, әлсіздік пайда болады, кейде қыздардың бетіне безеу шығуы мүмкін. Жыныс гормондарының әсерінен жатырдың сір қабатында қан айналу процесі күшейеді.

Бұл ұрықтанған жұмыртқа клетка жатырдың сір қабығына түскенде, оның қалыпты дамуы үшін керек. Басқаша айтқанда, жатыр ай сайын ұрықтану процесіне өзінше дайындық жасайды. Егер жұмыртқа клетканың ұрықтануы болмаса, жатырдың қантамырлары мен сір қабығы ыдырап, жатырдан қан кетеді.

Осы кезде жатырдың сір қабатының тіндері де жатыр қуысын тастап, етеккірмен кетеді. Егер ұрықтанған жұмыртқа клетка жатыр қуысында қалса, етеккірдің келуі әйел босанғаннан кейін қалыпты жағдайына түседі.

Етеккір келген кезде жеке бастың гигиенасын мұқият сақтау керек.Етеккірдің келу уақытында ауытқулар байқалса және 15—16 жастағы бойжеткеннің етеккірі келмесе, гинеколог-дәрігерге қаралуы қажет.

Сыртқа шығару процесі

Адам ағзасынан үнемі керексіз заттар сыртқа шығарылады, мысалы тер, зәр, нәжіс. Міне, осы заттарды шығынды деп атайды. Біздің ағзамызға көп шығындылардаң қажеті болмайды, сондықтан олар денедегі әр түрлі мүшелердің көмегімен сыртқа шығарылады. Бірақ, сыртқа шығару процесі бұл тек ағзаны керексіз заттардан тазарту ғана емес, сондықтан мұндай процесс біздің денеміздің ішінде де жүреді.

Ағзадағы ерекше мүшелерде — бездерде — өте қажетті заттар сөлдер мен гормондар түзіледі. Кейбір бездер өздерінің құрамындағы гормондарды бірден қанға шығарады. Екінші бездер бауыр мен ұйқы безі ішек қуысына өт пен ферменттер шығарады. Міне, бұл процесті — ішкі секреция деп атайды. Ағзадағы зат алмасу толықтай гормондар мен ферменттерге байланысты болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жатыр (матка) дегеніміз не?

Туу яғни босану процесі қалай болады.

Ұрықтану және ұрық дегеніміз не?

Жетілу процессі

Пікір қалдырыңыз