Ферменттер

  Ағза

ферменттер

Адамның денесін шартты түрде химиялық зауыт немесе үлкен зертхана (лаборатория) деп қарауға болады. Өйткені, онда күрделі химиялық процестердің әсерінен мыңдаған әр түрлі заттардың ыдырауы жүреді. Міне, осының қатарына ферменттер де жатады.

Адам денесінде жеті жүзге жуық ферменттердің түрі пайда болып, ағзаға әсер етеді. Олар әсіресе, сілекей, қарын, ұйқы бездерінде, бауыр және ішекте өте көп кездеседі. Бірақ, “басқа мүшелерде ферменттер кездеспейді екен” деп, ойлап қалмандар. Олар адам ағзасының барлық жерінде болады.

Тамақтың құрамында кездесетін күрделі қоректік заттар (белок, май, көмір сулар) ферменттердің әсерінен жай заттарға ыдырап, олар ішекке оңай сіңеді. Мысалы, белоктарды ыдырататын трипсин ферменті ұйқы безінде түзіледі. Бір ферменттер ағзада ас қорыту процесінің жүруіне қатысса, екіншілері — клеткаға қоректік заттармен келген қуатты шығаруға, үшіншілері — ағза үшін өте қажетті жаңа күрделі заттарды түзуге қатысады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ішек дегеніміз не және оның атқаратын қызметі.

Өттің ас қортудағы атқаратын қызметі жайлы не білесіз?

Ас Қорыту Жүйесі Дегеніміз Не?

Адам ағзасындағы Зат алмасу процесі.

Пікір қалдырыңыз