Гипофиз

  Ағза

Гипофиз

Ішкі секреция бездерінің барлық жұмысын мидың төменгі бөлігінде орналасқан, көлемі шағын гипофиз безі атқарады. Оның салмағы 0,5-0,6грамм болғанымен, ағзада атқаратын жұмысы зор. Гипофизде 30-дан астам әр түрлі гормондар түзіледі. Ол алдыңғы, орта (аралық) және артқы (жүйкелік) бөліктен құралған.

Алдыңғы бөлігінен баланың бойын өсіретін, жыныстық жағынан дұрыс жетілуін және қалқанша бездің қызметінің дұрыс атқарылуын қамтамасыз ететін гормон бөлінеді. Орталық бөлігінен терінің түсінің ақ, қоңыр, қара болуына әсер ететін — меланин пигментін түзетін гормон бөледі.

Ал артқы бөлігінен артериялық қан қысымын және ағзадан су бөлінуді реттейтін гормон түзіледі. Гипофиздің жұмысы шамадан тыс күшейіп немесе әлсіреп кетсе, ондай жағдай ағзада елеулі өзгеріс туғызады. Мысалы, гипофиздің қызметі тым күшейіп кетсе, баланың бойы шамадан тыс өсіп кетеді. Ал оның жұмысы әлсіреген жағдайда баланың бойы өспей қалады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қалқанша безінің ағзада атқаратын қызметі.

Бүйрек және Бүйрек үсті безі туралы ақпарат.

Қан кету нешеге бөлінеді және оның сипаттамасы.

Бұғақ немесе зоб ауруының белгілері мен сипаттамасы.

Пікір қалдырыңыз