Инсулин

  Ағза

инсулин гормоны

Ұйқы безінде көзге көрінбейтін өте кішкентай, инсулин гормонын бөліп шығаратын, ерекше клеткалар шоғыры бар. Бұл гормон адам ағзасында қанттың алмасуына жауап береді. Қоректік затпен түскен көмірсудың күрделі молекулалары, асқорыту түтігінде ферменттердің әсерінен қанттың жай молекулаларына ыдырайды.

Бұларды қан сорып алғаннан кейін, инсулиннің әсерінен, клеткаға енген қант, клетканың негізгі қуат көзі болып саналады. Егер, әр түрлі себептермен ұйқы безінің клеткалар шоғыры қалыпты деңгейден төмен инсулин бөлсе, онда адам қант диабетімен ауырады.

Инсулиннің мөлшері аз болса, қан құрамындағы қант клеткаға толық өте алмайды. Соның салдарынан ең алдымен жүйке жүйесінің клеткалары зақымданады. Мұндай жағдайда жүйелі түрде дәрі құю (инъекция) көмегімен жетпеген инсулинді ағзаға енгізеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ұйқы безі дегеніміз не және оның қызметі.

Қант диабеті қалай пайда болады, сипаттамасы мен белгілері.

Адам ағзасындағы клеткалардың қандай маңызы бар.

Адамның шөлдеуі не үшін болады?

Пікір қалдырыңыз